Балқаш қаласының жедел құтқару жасағы.

Балқаш қаласының жедел құтқару жасағы.

9 маусымкүні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары қаламыздағы судан құтқару станциясына саяхат жасады.

«Балқаш қаласының жедел құтқару жасағының» мебдикесі Абжанова Бағдат Сатбековна «Балдәурен»  жазғы сауықтыру орталығының демалушыларымен  судан құтқару жағажайындағы қауіпсіздік ережелерімен және суға кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері туралы әңгіме жүргізді. «Балдәурен» демалушылары қайғылы оқиғалардың алдын алуда көмек көрсететін аталған станцияның қызметкерлерін ерекше ықыласпен тыңдап, халыққа адал қызмет етіп жүрген осындай жандар бар екендіктерін мақтанышпен айтып, өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдірді.Осылайша  «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары уақыттарын қызықты өткізді.