Кітапхана ғажайып қазына!

Кітапхана ғажайып қазына!

8 маусым күні«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығында «Кітапхана ғажайып қазына»  тақырыбында қалалық  «А.Гайдар атындағы және №1 қалалық  орталықтандырылған кітапхана филиалына саяхат жасады.

Саяхатымыздың басты мақсаты :кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты  сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.

 Саяхат жасау барысында I –ші топ «Жұлдыз» тобы А.Гайдар атындағы кітапханаға барды.  Кітапхана меңгерушісі Балхайша Құрмановна оқушыларды әр түрлі кітаптармен таныстырып, демалушыларға  дайындап қойған жұмбақтар мен мақал- мәтелдерді жасырды. Әрі қарай  демалушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мультиктер мен  қызықты ойындар ойнатты.

Келесі II-ші топ «Болашақ» тобы №1 қалалық  орталықтандырылған кітапхана филиалына саяхат жасады. Балаларды жылы жүзбен қарсы алған кітапхана меңгерушісі  Гурянова Наталья Владимировна   демалушыларды кітаптармен  таныстырып,  кітапты күтіп ұстау ережесімен таныстырып өтті, балаларға арналған  «Айгөлек», «Балдырған»,  «Мөлдір  бұлақ», «Дружные ребята» атты  мерзімді басылымдармен  таныстырды.  Балалар оқыған кітаптарының  мазмұнын ортаға салып, талқылап, пікірлерімен бөлісті.Әрі қарай саяхатымыз «Астана аллеясына»  жалғасын тауып  қызықты ойындар ойнатылып ,балалардың кітапқа деген қызығущылығын арттырды.  Нәтижесінде саяхат балаларға ұнады.