«Көңілді старт» эстафеталық сайыс.

«Көңілді старт» эстафеталық сайыс.

6 маусым  күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Көңілді старт» эстафеталық сайысы өтті. Сайыстың басты мақсаты: оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу.  Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының оқушыларып қатысып, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ойын барысында қауіпсіздік ережесі айтылып өтті. Ойындар кезеңдер бойынша өтті : 1 – кезеңде: әр команда өздерін таныстырды. 2 – кезеңде : әр ойыншы бір аяқты бүгіп, оны қолмен ұстап секіріп барып, берілген жерге дейін жетіп, қайтарда тез жүгіріп қайтты. 3 – кезеңде: секіртпемен секіріп жарысты.

4- кезеңде: екі аяқпен қапшықтың ішіне кіріп жарысты. 5 – кезеңде: допты жерге ұра жүгірді. 6- кезеңде: жылдамдыққа жүгірді. 7- кезеңде қасықпен су тасу ойынын ойнады. Әр ойынға қорытынды жасалып, командалар ұпайын есептеп, жеңген команданып анықтап, марапатталды.