«Бақытты балалық шақ» асфальтта сурет салу байқауы.

«Бақытты балалық шақ» асфальтта сурет салу байқауы.

        5 маусым  күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Бақытты балалық шақ» асфальтта сурет салу байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, асфальтта сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Мектептің оқушылары қатысып, еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен суреттер салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын, достарын бейнелеген. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері бір - бірінен әдемі, көркем бояулармен боялған. Сонымен қатар, әр топ тобына ат қойып, әр салған суреттерін ашып қорғай алды. «Балдәурен» сауықтыру орталығыбасшысы Ш.Т.Жакупова салынған суреттерді критериалды бағалап, өте жақсы салынған суреттерге алғыс айтып, тәтті шоколаттар таратты.