25.05.2017 күні «»Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ –де «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті
25.05.2017 күні «»Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі» КММ –де «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынның қонақтары: «Балқаш қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.И.Ашимжанова және мектеп- лицейдің ардагер ұстазы – Ы.Алтынсары атындағы төсбелгі иегері, француз пәні мұғалімі – Н.Ғ.Жүніс, педагогикалық ұжым, ата-аналар және 10 сынып оқушылары. Жиынның бірінші бөлімінде түлектерімізді қонақтар қарсы алды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізіліп, Мемлекеттік Гимні орындалды. Құттықтау сөз кезегін алғаш алған мектеп – лицей директоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері К.Ш. Дубирбекова еліміздең игілігі жастардың қолында, келешектері жарқын екенін атап, үміт артып отырған «Алтын белгі» иегерлері Баянтаева Анеля мен Садырбаева Заринаға және жас түлектердің болашақ жолдарына сәттілік тіледі.
Құрметті қонағымыз А.И. Ашимжанова жас түлектерді бәсекеге қабілетті және туған жерін шексіз сүюге шақырып, алдыда тұрған сынақтан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.Жиынның екінші бөлімін мектеп- лицейдің «Назғұмыр» би тобы «Мереке» биімен ашты.1 сынып оқушылары «Ғарыш әлеміне саяхат» атты композицияны көрсету арқылы қонақтарды таң қалдырды.Бойларында Отансүйгіш сезімі ұялаған алғыр, зерек, өрендер - 4 сынып оқушыларынан құралған « Жас Ұлан» үгіт насихат тобы ұлы тұлғалар мен ұлыларды дәріптеу мақсатында Тәуелсіз Қазақстанның перзенттері екендігін дәлелдеді.Мектеп – лицей түлектері алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына тілектерін, жылы сөзін, қимас сезімдерін әнмен, жырмен жеткізді.
Білімдерімен, өнерлерімен, ұлағатты тәрбиелерімен үнемі биіктен көрініп жүрген мектеп- лицейдің оқушылары : олимпиада жүлдегері Баянтаева Анеля құттықтау сөз сөйлесе ,«Білім кілтін» табыстау кезінде Болгария мемлекетінің Несебр қаласында өткен халықаралық олимпиадасының алтын медаль иегері Садырбаева Заринаға және республикалық «Атадан мұра» өнер байқауының үздік жеңімпазы, қала әкімінің «Өркен» сыйлығы иегері Жамел Ернұрға берілді. «Білім кілтін» 10 сынып оқушылары Мурзабекова Лаура, Жақсыбек Илияс, Қасқабайұлы Темірлан қабылдап алып, жүрек жарды тілектерін білдірді. Түлектердің алғашқы ұстаздарына және сынып жетекшілеріне құттықтау сөз беріліп, оқушылар гүл табыстады.Ата – аналар атынан Ахбетова Лағылдың атасы Ахбетов Серікбол, Жәмел Ернұрдың әкесі Башаев Ербол түлектерге сәттілік тілесе, Тұрсынханова Асияның атасы еңбек ардагері Қ.Совет ата бата берді.
«Бәйтерек» атты ер балалар хоры Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған гимнді орындап, 5 сынып қыз балалары «Қоңырау» биін биледі. Соңғы қоңырау соғу құрметіне «Алтын белгі» иегерлерінің үміткерлері, олимпиада жүлдегерлері Баянтаева Анеля, Садырбаева Зарина, Республикалық «Атадан мұра» өнер байқауының үздік жеңімпазы, қала әкімінің «Өркен» сыйлығының иегері Жәмел Ернұр және 3 жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие орталығынан тәлім алған 1 сынып оқушысы Аблайханова Мадинаға берілді.
Мерекелік жиын 11 сынып түлектерінің «Қоштасу» вальсімен аяқталды.Жиынның үшінші бөлімінде мектеп - лицейтүлектері ата – аналарымен, ұстаздарымен мектеп- лицей ауласына шығып, есімдері жазылған шарды, көгершінді ұшырды.
8-9 сынып оқушылары түлектерге арнап «Отаным алға!» атты флешмоб көрсетті. Мереке « Түлектер – 2017» аллеясындағы отырғызылған ағаштарды суару рәсімімен аяқталды. Бүгінгі мерекелік жиын мектеп- лицей тарихында ұстаздар үшін, жас түлектер үшін мәңгі есте қалмақ.