2017 жылдың 17 мамыры күні 4 сынып оқушыларының «Болашаққа интелектуалды серпіліс» атты салтанатты форумы өтті

2017 жылдың 17 мамыры күні 4 сынып оқушыларының «Болашаққа интелектуалды серпіліс» атты салтанатты форумы өтті

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу, жаңа бағдарламаның мәні - функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, табысты оқушының үлесін арттыру мақсатында 2017 жылдың 17 мамыры күні 4 сынып оқушыларының «Болашаққа интелектуалды серпіліс» атты салтанатты форумы өте жөғары дәрежеде өтті. Форумға 4-сынып оқушыларының ата-аналары мен ата-әжелері мектеп-лицей әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты. Басты кейіпкерлері 4 жыл бойы білім мен тәрбиені бойларына сіңіріп, өздігінен білім алуға дағдыланған табысты оқушылар отырған ұшақ әуежайынан түскен оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық, қалалық «Ақ бота», «Кенгуру», «Парасат», «Наланда», «Балауса» пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, аймақтық интеллектуалды ойындарының жеңімпаздарынқарсы алуы болды. Форумның ІІ бөлімінде «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»деп аталып отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы жылы аясында мектебімізде «Ұлағат- әкелер мектебі» және «Парасат- аналар мектебі» жұмысы сахналық қойылыммен көрсетілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Ұлы Дала» перзентіміз атты ІІІ бөлімде орын алды. Соңынан мектеп-лицей гимні шырқалды. 4 сынып жетекшілері М. М. Толеуоваға, Г. М. Мыңғышқызына,Ж. Н. Сулейменоваға, Ə. Толеуоваға, Г. Садыковаға алғыс білдіреміз!