«Азаматтық қоғам» Күні

 «Азаматтық қоғам» Күні

 2016 жылдың 26 қарашасында мектебімізде қалалық БАҚ журналистерімен пресс-конференция өткізілді. Мектеп бітірушілермен кездесуге қалалық «Северное Прибалхашье» газетінің корреспонденті Ирина Анатольевна Мирошина және «Өркен-Медиа» телеарнасының корреспонденті Жансая Мусина шақырылды. Корреспонденттер өздерінің жұмыстары жайлы, бүгінгі БАҚ  дамуының әдістері туралы әңгімеледі.

Жоғары сынып оқушыларын кәсіби істерге байланысты ақпараттар, газет беттеріндегі және телеарнадағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына орайластырылған іс-шаралар қызықтырды.

   11-сынып оқушысы Диас Жакипбаев өлеңдер, әндер жазады, музыкалық аспаптарда ойнайды. Диас қонақтарға газетпен және телеарнамен бірлесу мүмкіндігі туралы сұрақтарын қойып, оған жағымды жауаптарын алды.    Кездесу соңында балалар қонақтармен естелікке суретке түсті.   

           ЖББ № 10 орта мектеп директоры                       Л.Ю.Горбулева

Дата: 19.12.2016, 2:00 Автор: №10 ЖББОМ