Сиқырлы Алтын күз !
Қазан айының соңғы күндері мектебімізде «Алтын күз» ұжымдық-шығармашылық іс-шаралары өткізілді. Мерекелік іс-шараларды өткізу алдын-ала дайындықтан басталды. Барлық сыныптарға тапсырмалар берілді.
Сыныптар қойылымдар, музыкалар және әр түрлі нөмірлерді дайындады.
Мерекені ұйымдастырушылар сценарийді, жүргізушілерді, т.б дайындау жұмыстарын жүргізді.
27 қазан күні 7,8-сыныптар үшін, 28 қазан күні 9,10,11- сыныптар үшін күзгі бал мерекесі өткізілді. Сыныптар өздерінің актерлік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мереке соңында қазылар алқасы қорытынды жасап, барлық сыныптарды номинациялар бойынша марапаттады. 29 қазанда 5,6-сыныптары үшін де күз мерекесі тойланды. Қоңыр күздің салқынына қарамастан балалар көтеріңкі көңілмен тарасты. Алақай каникул! басталатын уақытта жетті.