«Қауіпсіз мектеп» Республикалық акциясына қатысу
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында, мектепте ата-аналар қауымының, әр жастағы оқушылар тобының қатысуымен іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларды өткізудің ақпараттық ілеспесі ұйымдастырылды. Мектеп ғаламшарына материалдар (мектептегі, үйдегі қауіпсіздік ержелерімен, жедел қызмет номерлерімен) жинағы ілінді.
Парақшалар дайындалып ата-аналар мен оқушылар арасында таратылды.
Сынып бұрыштарында «Қауіпсіз балалық шақты қолдаймыз!» айдары жарияланды.
5-7 сыныптардың оқушылары «Қауіпсіздік шаттығы» сурет салу конкурсына, ал 8,9-сыныптардың оқушылары «Қауіпсіз балалық шақты қолдаймыз!» плакат дайындау конкурсына қатысты.
5 қыркүйекте «Қауіпсіз мектеп» атты жиын өткізілді. Онда әлеуметтік педагог З.Я. Сабитова, АӘД ұйымдастырушы-педагог Л.Г. Кочетков сөз сөйледі.
Сынып жетекшілері қауіпсіздік Сабағын өткізіп, бейнероликтер көрсетті.
15,16 қыркүйекте жалпы мектептік және сыныптың жиналысы «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында өткізілді. «Қауіпсіз мектеп» акциясының өткізілуі туралы ТЖ бойынша директор орынбасарлары М.А. Ливицкая мен Л.В. Кириченко баяндады.
Мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша, мектеп медбикесі М.Р. Гарайшина әңгімелеп, ата-аналарға баланың дұрыс тамақтануы туралы ұсыныстарын айтты.
5-11 сыныптардың оқушыларының ата-аналар жиналысында жасөспірімдер арасында алып отырған құқық бұзушылықтар туралы Балқаш қаласы ІІБ ювенальдық полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Т. Абдрасилова ақпарат берді.
Сонымен қатар Сая Талгатовна мектеп оқушыларымен алдын алу жұмыстарының жүргізілуінде айтып өтті.
3,4 – сыныптардың оқушылары «Қозғалыс ережесін үйрен!» тақырыбында тас жолда сурет салу конкурсына қатысты.
1-ші және 2-ші сыныптардың оқушылары «Мен – жаяу жүргіншімін!» көрмесін ұйымдастырды.
Жол қозғалысының ережесін насихаттау мақсатында, «Каскад» жас жол инспекторлар отряды «Скутер – ойыншық емес» бағдарламасын бастауыш сыныптардың оқушыларына насихаттады.
2016 жыл 19.09. жалпы мектептік жиында «Қауіпсіз мектеп» акциясы қорытындыланды. Конкурстардың жеңімпаздары, іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен марапатталды.
ЖББ № 10 орта мектеп директоры Л. Ю. Горбулева