ЖББ № 10 орта мектептің 2015-2016 оқу жылында бастауыш сынып ӘБ өткізілген апталығы туралы ақпараты.

ЖББ № 10 орта мектептің 2015-2016 оқу жылында бастауыш сынып ӘБ өткізілген апталығы туралы ақпараты.

Мектепте жыл сайын бастауыш сыныптарда пән  апталығы өткізіледі.  Пән апталығын өткізу үшін әр түрлі пән бойынша және әр сыныпқа іс-шаралар жоспары құрылады.  Іс-шаралар балалардың жас ерекшелігіне қарай жоспарланады. Қарашаның 12-сінен 21-іне дейін бастауыш сыныптар апталығы өткізілді.

Мақсаты: Оқу-тәрбие  үрдісінде логикалық мүмкіншілігі, шығармашылық қабілеті мен шеберлігі  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны айқындау және жағдай жасау.

 Міндеттері:

*Бастауыш  мектеп мұғалімдерінің арасында сабаққа қатысу арқылы тәжірибе алмасу;

*Оқушылардың білімдерін тереңдету және кеңейту;

*Бастауыш мектеп оқушыларының  білімдерін жетілдіруге және мектепте білім алуларына ынталандыру.

Төмендегі  іс-шаралармен апталықты өткізу  жоспары құрылды:

Мұғалімдер

Сынып

Күні

Сабақ

Тақырыбы

Ваннер Т.В.

 

21.11.

өзін-өзі тану

Красив тот, кто красиво поступает

Жумажанова А.Б.

19.11.

математика

Таблица умножения и деления на 8

Коршунова Т.Ф.

18.11.

математика

Вычитание. Разность, уменьшаемое, вычитаемое, значение разности

Касьяненко О.В.

18.11.

орыс тілі

Несклоняемые имена существительные

Мацевка М.Н.

20.11

математика

Взаимообратные действия

Новокшонова И.С.

21.11.

өзін-өзі тану

Мои друзья

Орлова И.В.

 

20.11.

әдебиеттік оқу

Кот- ворюга» К.Паустовский

Вешнякова А.Е.

17.11.

русский язык

Общее понятие о составе слова. Окончание

Тунгишбаева А.С.

20.11.

әдебиеттік оқу

Байтерек - древо жизни

Хасенова Э.Б.

 

20.11.

математика

Таблица умножения на 9

 

 Оған бастауыш сыныптарда жұмыс жасайтын ұстаздар және олардың оқушылары белсене қатысты.  Әдістемелік пәндер апталығы шығармашылық, еңбектестік жағдайында өткендігі және  мектеп мұғалімдерінің жұмыс дәрежесінің жоғары екендігін сенімді айтуға болады. Мұғалімдер әдістемелік пән апталығына қатысуды қызықты, жан-жақты анықтады, бұл оқушыларды қызықтырды. Бастауыш мектеп апталығы басталмас бұрын қойылған мақсаттарға және  міндеттерге сәйкес, ұйымшылдықпен өткізілді. Апталықтың әр күні оқушыларға қызықты болды және оқушының адамгершілігін, интеллектуалдылығын  және эмоционалдылығын өзі шығаруына жағдай жасап  белсенді істер атқарды. Оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін ашты және жүзеге асырды, құрбылар арасындағы қарым-қатынас пен еңбектестік көрінді.

Апталық дәстүрлі саптық жиынмен ашылып, алдағы істерді бастау сәті берілді. Балалар апталық жоспарымен танысты.  

Өткізілген ашық сабақтар

И.В. Орлова  3 «В» сыныбында әдебиет пәнінен сын тұрғысынан ойлау технологиясы  бойынша К. Паустовскийдің  «Кот - ворюга» тақырыбында өткізді.  Мақсаты көркем шығармамен жұмыс жасау әдісін үйрету болды. Балалар мәтін бойынша бағыт алды. Мұғалім «Болжам ағашы», «Кластер» стратегиясын қолданды. Балалар синквейн технологиясы бойынша жұмыс жасады.  

А.Е. Вешнякова 2 «Г» сыныбында орыс тілі пәні бойынша «Общее понятие о составе слова. Окончание» тақырыбында өткізді. Сабақта көрнекілік құралдар кеңінен қолданылды. Мұғалім сабақта әртүрлі жұмыс әдістерімен сөйлеу қабілетін арттыруға бағыт жасады. Балалар жұмыстарына қызығушылықпен қарап, сабаққа белсенді қатысты.              

2 «В» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша  «Красив тот, кто красиво поступает» тақырыбында өткізілді. Сынып жетекшісі Т.В. Ваннер. Сабақ ынтымақтастық жағдайда, мұғалімнің қызықты әдістерімен өткізілді, балалар «Два волка» әңгімесін көріп, талдау жасады.Балалар дербес жұмыс жасауға қалыптасқан. Сабақ сәтті өткізілді.

3 «Б» сыныбының жетекшісі А.Б. Жұмажанова математика пәні бойынша «Умножение и деление на 8» тақырыбында өткізді. Тапсырмалар қызықты, сабақ боларлықтай болды, ойлау қабілетін арттырып, зейінді талап етті.

 Математика туралы өлең, тест қолданылды. Сабақта топтық жұмыс жасалды. Сабақ барысында оқушылар өздерінің жұмыстарын  бағалау парағында бағалап отырды. Өздерінің қателерін  көріп,оны түзетіп отырды.

М.Н. Мацевка 1 «Б» сыныбында математика пәні бойынша «Взаимообратные действия» тақырыбында өткізді. Сабақ өз мақсатына жетті. Балаларға «Колобок» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келді. Сабақтың тәрбиелік мәні басым болды. Сабақ  әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылған.

3 «А» сыныбында математика пәні бойынша «Таблица умножения и деления на 9» тақырыбында өткізілді, мұғалімі Э.Б. Хасенова.  Сабақта балалар тапсырмаларға ойланып жауап беріп, жауаптарына дәлелдеме жасады. Балалар интерактивтік тақтамен жұмыс жасады.

Мұғалім И.С. Новокшонова 1 «В» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша «Мои друзья» тақырыбында өткізді.  Балалар тақпақ, өлең айтты, сабаққа белсенді қатысты.  Мұғалім оқушыларға сыйлық ретінде мультфильм көруді ұсынды. Балалар достық тақырыбындағы әңгімені талқыға салды. Топтық жұмыстар жасады. Нәтижесінде сыныпта достықты сақтау қажет деп қорытындылады.

Т.Ф. Коршунова  1 «А» сыныбында математитка пәні бойынша «Вычитание. Разность, уменьшаемое, вычитаемое, значение разности» тақырыбында өткізді. Мақсаты: қосу және алу өзара кері әсерлер екенін түсіндіру. Балаларға  қызықты тапсырмалар берілді. Дидактикалық және көрнекілік құралдар кеңінен қолданылды.  Сабақ өте қызықты өткізілді, өздері білетін мәліметтерді қайталап, жаңа және қызықты ақпараттар білді. Оқушылар сабақтан жағымды әсер алды.

О.В.  Касьяненко 4 «Г» сыныбында орыс тілі пәні бойынша  «Несклоняемое имена существительные» . Бастауыш сыныпты бітірушілер  талдау түрлерінен білімдерін көрсетті.  Сабақ  қызықты және логикалық тұрғыда нақты құрылған. Оқытудың жіктеу әдістері, жұмыс түрлері қолданылды. Сабақ әсерлі болды.

 А.С. Тұңғышбаева  4 «Б» сыныбында әдебиет бойынша «Байтерек-древо жизни» тақырыбында өткізді. Сабақта үй тапсырмасын тексеру қызықты өткізілді. Мұғалімнің жаңа тақырыпқа көшу әдісіде ерекше болды. Балалар мәтінді  жақсы талқылады.  Балалар «Самрұқ» және «Айдахар» тақырыбында синквейнді мазмұнды құрастырды.  Сабақ мақсатына жетті.

«Бастауыш мектеп апталығы» мектептің тәрбие  жұмыстарының  жоспарына сәйкес,  өткізілді. Апталық жоспары толығымен орындалды.  Барлық ҰШІ кестеге және тақырыпқа сәйкес өткізілді. Әр іс-шараның жоспары және қойылымы болды.  Іс-шаралар барысында компьютерлік техника, көрнекілік және таратпа құралдар қолданылды. Жасалған жұмыстарды талдай отырып, бастауыш сынып мұғалімдері тұжырымдады: баланың ашылуы үшін, яғни бала ішкі дүниесін, мүмкіншілігін көрсету үшін, әдістемелік пән апталығы қажет.

Бастауыш сынып  мұғалімдерінің әдістемелік пән апталығының қорытындысы:

 әдістемелік материалдар (фотоматериалдар, компьютерлік тұсаукесер,  сабақтар әзірлемесі);

 ұжымдық тәжірибенің жалпы қорытындысы;

жеке тәжірибенің жалпы қорытындысы;.

Саптық жиында бастауыш мектептің апталық қорытындысы  жарияланды.

Дата: 30.11.2015, 3:45 Автор: №10 ЖББОМ