Құқықтық тәрбие мен салауатты өмір салты — жарқын болашақтың кепілі
Құқықтық тәрбие мен салауатты өмір салты — жарқын болашақтың кепілі
Балқаш қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ саналы жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында бүгін қала мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары Қарағанды облысының прокуратурасы мен Қарағанды облысының полиция департаменті дайындаған арнайы бейнероликті көруден басталды. Аталған бейнематериалда есірткіге тәуелділіктің психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдары шынайы өмірлік оқиға негізінде ашық баяндалып, жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасауының маңыздылығы нақты көрсетілген.Тәрбие сағаты барысында оқушылармен мынадай негізгі тақырыптар талқыланды:«Бақылауда ұстаймын» деген алдамшы сезім мен теріс әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі;Заңды құрметтеу және құқықтық сауаттылықты арттыру;Салауатты өмір салтын ұстану, спортқа, білімге және пайдалы іске ұмтылудың маңызы.Балаларымыздың қауіпсіздігі мен саналы болашағы — ортақ жауапкершілігіміз

Дата: 13.10.2026, 16:06 Автор: №10 ЖББОМ