ҰСТАЗДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ!
2026 жылғы 8 қазанда Балқаш қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің IX ашық Республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық тәжірибелерін қолдау және үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Қалалық кезеңге 20 педагог қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Амантай Ерсұлтан Беркінұлы
II орын – Бекмағанбетова Нұргүл Сарқытовна
III орын – Тлеуберген Жанерке Орынбекқызы
Жүлделі орындарға ие болған үш педагог облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар 17 қатысушы сертификатпен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және кәсіби табыс тілейміз!
Білім • Шығармашылық • Болашақ