28 ақпанда біздің қаламызда қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа арналған "Әлихан Бөкейханов-ұлт тұлғасы атты ғылыми конференция өтті.

28 ақпанда біздің қаламызда қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа арналған "Әлихан Бөкейханов-ұлт тұлғасы атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында қала ұстаздары әр бағыт бойынша таңдап алған тақырыптары негізінде Ә.Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі мен мұраларын жан – жақты талдады, халқына арнаған идеялары мен зерттеулерін саралап ой бөлісті. Әлихан мұрасының өзектілігі мен өміршеңдігін бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстырып, дәлелдеді, салмақты ой тастады. Іс-шара кезіндегі мектеп оқушыларының күмбірлете төккен күйлері мен әндері ерекше әсер берді.Осы іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына және тақырып төңірегінде қайраткердің жаңа қырын ашып, құнды ойларымен бөліскен ұстаздарға шексіз алғысымды білдіремін!
Абеубекова Шынар Айтбековна
10 мектеп мұғалімі