2023 жылғы 17 қаңтарда «Жер сілкінісі болған жағдайда тұрақты құрамның және балалардың іс-қимылдары» атты тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Балқаш қаласының әкімі бекіткен 2023 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2023 жылғы 17 қаңтарда «Жер сілкінісі болған жағдайда тұрақты құрамның және балалардың іс-қимылдары»атты тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығуларының мақсаты-жер сілкінісі болған жағдайда мектептің азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, жер сілкінісі болған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын игеру.
Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектептің барлық оқушылары қатысты. Әр сыныпта жер сілкінісі болған кездегі әрекеттер пысықталды. Жалпы жиында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар берілді.