Құрметті Балқаштықтар! Біз өз парақшамызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация барысы туралы маңызды ақпаратты жариялаймыз.

Құрметті Балқаштықтар! Біз өз парақшамызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация барысы туралы маңызды ақпаратты жариялаймыз.
Құрметті Балқаштықтар!
Біз өз парақшамызда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация барысы туралы маңызды ақпаратты жариялаймыз.
10.03.2021 ж.жағдай бойынша "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентімен 85 медицина қызметкері вакцинацияланды.
Вакцинацияланғандар 3 күндік медициналық бақылауға алынады.
Вакцина COVID-19 ауруын тудырмайды және адамның тұқым қуалайтын материалына (ДНҚ) әсер ете алмайды.
Вакцина 21 күн аралығымен екі дозамен енгізіледі. Максималды иммунитет организмде екінші дозаны алғаннан кейін ғана пайда болады. Вакциналарды енгізуге ағзаның жағымсыз әсерлері немесе реакциясы болуы мүмкін - бас ауруы, жоғары температура, әлсіздік, ауыру, енгізу орнындағы ауырсыну. Бұл дененің күтілетін реакциясы, оны қорқудың қажеті жоқ және ол екі-үш күнде өздігінен кетеді. Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады.
Вакцинациядан 24 сағат бұрын және вакцинациядан кейін 24 сағат ішінде ауыр спорт түрлерімен айналыспау, саунаға бармау және алкогольді ішпеу ұсынылады.
Қазіргі уақытта вакцинация халықтың кең тобына қол жетімді және барлық адамдарға иммундау басталады. Медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған барлық ведомстволардың медицина қызметкерлеріне, балалардың білім беру мекемелерінің (мектептер, мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, санаторийлердің) педагогтері мен қызметкерлеріне басымдық берілетін болады.
Барлық вакцина салғызам деушілер тіркелген жері бойынша емхананың учаскелік қызметіне немесе бірыңғай емханаға жүгіне алады
Ленин көшесі, 10 мекен-жайындағы вакцинация орталығы. Орталықтың жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін.
Вакцинация ерікті түрде және тегін негізде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Қаңтар / ақпан айларында COVID-19 жағдайларының 86/88-ы тіркелді. Күн сайын орта есеппен 3-тен 4-ке дейін covid-19 инфекциясы тіркеледі.
Жұқпалы аурулар госпиталінде 14 пациент емделуде, оның ішінде covid-19 ауыр түрімен ауыратын 4 пациент реанимация бөлімшесінде (61 жас, 63 жас, 81 жас, 83 жас).
Дата: 11.03.2021, 10:48 Автор: №10 ЖББОМ