«Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері » тақырыбында қалалық ашық сабақ

«Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері » тақырыбында қалалық ашық сабақ

ЖББ № 8 орта мектебінде екінші санатты география пәні мұғалімі Қанатбекова Гулнур Алтынбекқызы 7 сыныпта география пәнінен «Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері » тақырыбында қалалық ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Аустралия материгінің жер бедері, пайдалы қазбасы, климаты,өзендері мен көлдері,олардыңөзіндік ерекшеліктері туралы ұғым қалыптасу, алған білімді дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу,оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету,оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушыларды Аустралия материгінің климаты,өзендері мен көлдері,олардың географиялық орнымен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;