ЖББ №8 орта мектебінде 2015ж. 24-қараша күні өткізілген лездеме ақпары

ЖББ №8 орта мектебінде 2015ж. 24-қараша күні өткізілген лездеме ақпары

        2015 жылдың 24-қараша күні сағат 11.40-та  8-11 сынып оқушылары арасында, сағат 13.30-да 5-7 сынып оқушылары арасында   лездеме өткізілді. Мақсаты: оқушылардың діни сауаттылығының дұрыс қалыптасуына көмек беру; вандализм  жайында  мағлұмат беру, оқушылар арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу.

      Лездемені мектеп директоры А.Т.Төкейбекова ашты.  Тарих және дінтану негіздері пәні  мұғалімі З.М.Жакуповаға сөз берілді. ҚР-да  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы ісқимыл туралы» Заң қабылданғанымен ланкестік әрекеттер де  бой көрсетіп қалуда.  Бейнеролик көрсетілді.  Оқушыларға жалған діни ұйымдардың ықпалына қалай түспеуге болады? Үнпарақшалар таратылды.

       Әлеуметтік педагог Д.Нурмаханова оқушыларға вандализм туралы түсініктеме берді. Қылмыстық кодекстiң 258-бабы бойынша: «Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

     Лездемені мектеп директоры қорытындылады. Оқушыларға Отанымыздың патриоты болуға, қаламызды, туған жерімізді, оның мәдениетін сақтайтын азамат болуларына тілек білдірді.