Размер шрифта:

2015 жылдың 11-сәуірінде Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Жеңістің 70-жылдығына 70-күн» атты акциясына арналған салтанатты жиынның өтілгені туралы ақпар

2015 жылдың  11-сәуірінде Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Жеңістің 70-жылдығына 70-күн» атты  акциясына  арналған  салтанатты  жиынның өтілгені туралы ақпар

2015 жылдың  11-сәуірінде Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «Жеңістің 70-жылдығына 70-күн» атты  акциясына  арналған  салтанатты  жиын өткізілді.Жиынның негізгі мақсаты жастардың патриоттық сезімін көтеру, азаматтық жауапкершілігін арттыру.

             Жиынға  қаламыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тотаев Хаден, Омаров Мұқажан  аталарымыз бен бірге  білім  саласының ардагері Шайза Рысқұлқызы мен  ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Совет Кәукербекұлы, Ауған соғысының ардагерлері, әкелер кеңесінің мүшелері  және жалпы білім беретін №9 орта мектебінің  оқушылары қатысты.

           Жиынға  Жеңіс алауын  мектебіміздің кадет сыныптары кіргізіп,  мектеп оқушылары  құрметпен қарсы алды. Барлығы 630 адам қатыстырылған  бұл жиында  оқушылар өз оқыған өлеңдерінде  соғыс  қасіретін бір жырласа, бүгінгі  балалардың бейбітшілік өмірін суреттеген «Желбіре, Жеңіс алауы» әнін әндетті. Кадет сыныбының оқушылары  ардагерлер алдында  дефиле көрсетіп, бүгінгі күннің  ашық аспанына  ризашылығын білдіріп, бас иіп  құрмет көрсетті. Жиын барлық  балалардың бойына патриоттық сезімді  арттырып, жарқын жүздеріне  күлкі ұялатты.

          Ұлы Отан соғысының ардагерлері  бүгінгі ұрпаққа  жеңіс сыйлап бір қуантса, бүгінгі Ұлы жеңістің 70-ші  жылдығына да  тілек тілеп,оқушыларымыздың  мерейлерін арттырды.

      Жиын соңында   келген қонақтарымызбен Жеңіс алауының маңында  естелікке суретке  түсті.