1-маусым «Балаларды қорғау» күні

1-маусым «Балаларды қорғау» күні

1-маусым – Балаларды қорғау күні.  Балаларды қорғау күнін жазғы демалыстың басында мерекелеу –тамаша дәстүр. Жас ұрпақтар үшін  бұл әсерлі  және жарқын мереке. Әлемде қуанышты, бақытты бала күлкісінен керемет не бар.    Осы мерекеге орай  жалпы білім беретін №8 орта мектебінде іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Мереке салтанатты жиыннан басталды. Мектеп директоры А.Т.Төкейбекова балаларды мерекемен құттықтады. «Біз мектепке барамыз» атты акция аясында биылғы оқу жылында 1-сыныпқа келетін әлеуметтік  азқамтылған отбасы балалары  Великсова Ақбота,  Рахметолла Темірлан, Күзембаев  Исламға  мектеп тарапынан және жеке кәсіпкер Абильдина Г.С. атынан  сыйлықтар табысталды. Және сонымен қоса мектептің азқамтылған отбасы балалары Жақыпжанов Нұржанға мерекелік сыйлықтар берілді. Мүмкіндігі шектеулі үйде оқитын оқушылар Алдонгаров Дарын және Қалиақпар Жанеркелер де мерекеге шақыртылып, сыйлықтар берілді. Мерекелік іс-шараларға қатысты.Балалардың жеке қасиетін дамыту,тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айту мақсатында  мектебіміздің АКТ залында  сағат 10.30-да лагерь демалушылары арасында «Кел, билейік!» көңілді кеші өткізілді. «Шағала» лагерінің  «Ақжелкен», «Күлегештер», «Сұңқар» топтары  арасында әр түрлі ойындар ойналып, ән айтылып, би биленді. Әр балаға тәті балмұздақтар таратылып, мультфильм көруге оқушылар сарайына барды.1-2 сынып оқушылары  «Біз бақытты баламыз» тақырыбында асфальтта   сурет салды.3-4 сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыстар, 7-сыныптар арасында волейбол ойындары,  6-сыныптар арасында баскетбол,  ал 8-сыныптар арасында футбол ойындар ұйымдастырылып, өткізілді.Оқушылар мерекелік көңілді күймен үйлеріне қайтты.