Размер шрифта:

«Біз мектепке барамыз» атты Республикалық акциясы

«Біз мектепке барамыз» атты Республикалық акциясы

 

             2014жылдың 26.05-01.06 аралығында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Біз мектепке барамыз» атты республикалық акциясы өткізілді.

Бұл акцияның негізгі мақсаты мектепке дейінгі топтарда бірінші сыныпқа баратын мүгедектердің балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, көп балалы отбасынан шыққан балаларға  қолдау көрсету.
 Осы акцияны ұйымдастыру мақсатында арнайы жоспар құрылып, стенд безендірілді. 1-сыныпқа келетін көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары анықталды. Атап  айтқанда Великс Ақбота, Рахметолла Темірлан, Күзембаев Ислам. Бұл балалармен  мектепте  әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай арнайы жиынға шақыртылып,   сыйлық берілді. Жеке кәсіпкер Абильдина Г.С. демеушілік көрсетті.  Жалпы білім беру қорынан мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына киім –кешек берілді. Бұл күні балалар   лагерь  демалушыларымен бірге  ойын ойнап, би билеп, соңында театрға саяхат жасап қайтты.