«Кемел келешек кілті- жастарда» дарындылар форумы

«Кемел келешек кілті- жастарда» дарындылар форумы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында- адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Бүгінгі жас- ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан- жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

Мамыр айының 17-ші жұлдызында мектебімізде «Кемел келешек кілті- жастарда» атты І-ші дарындылар форумы болып өтті. Формуға қала, облыс, Республика көлемінде мектебімізді танытуда өз үлестерін қосып жүрген қалалық пән олимпиадасының жеңімпаздары, бастауыш сыныптың «Мен зерттеушімін» байқауының жеңімпаздары, мектебіміздің өнерлі өрендері, спорттық жарыстардың жеңімпаздары және шәкірттердің бойындағы қабілетін шыңдап, биіктерге жол көрсетіп жүрген ұстаздарымыз мектеп директоры А.Т. Төкейбекованың мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Жас ұрпақтың қуанышымен бөлісіп, балалары үшін жүрегін мақтаныш кернеген  ата- аналар да өз жүрекжарды лебіздерін білдірді. Форумның соңы мерекелік ән шашумен жалғасты. Формуға қатысушы жас өреннің:

Дарындылар алға, биікке самға,

Ешкімнен қалма, шығайық тек алға,-  деген ұрандарына сенім артсақ,  ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болмақ.