«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты салтанатты жиын

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты салтанатты жиын

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2014 жылдың мамырдың 6-ында   7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа ұран» атты салтанатты жиыны өтті. Жиынға Балқаш қаласының № 31 765 әскери бөлімінің әскери қызметкері  бөлім командирі, майор Имамбеков Нұрлан Бердібекович, бөлім бастығының орынбасары, майор қожақов Арман Еңбекбаевич, бөлім бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, лейтенант Налибаев Аманат Тұрғанбайұлы, Еңбек жолын   білім саласына   арнаған  құрметті ардагерлер: Сламбек Сәтімбек Сланбекұлы, Жұмағүлов    Тұрлыбек Тұрлыбекұлы,  Тілеубек Қайрат Тілеубекұлы қатысты. Жиында патриоттық әншілеріміз ән айтты. Кадет сыныптары дефиле көрсетті. Жиынға қатысқан қонақтар, мектеп директоры А.Т.Төкейбекова құттықтау сөз сөйледі. жас ұрпақты оқыту және шынайы патриот ретінде тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері   үшін мектептің ер мұғалімдері , қоғамдық жұмыстары белсене қатысқаны үшін  ер оқушылар, мектептің шаруашылық қызметкерлері марапатталды.