Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «МЕКТЕП АРУЫ – 2014» байқауы

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің  «МЕКТЕП АРУЫ – 2014» байқауы

Қыстың ызғарлы күнінен кейінгі жер дүниені жаңартатын, тіршілікке жан бітіретін көктем күні де келіп жетті. Әлі де қыстың ызғары бітпесе де, көктем лебі сезіліп адамдардың көңіл күйін көтеретін, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп қалыпты-ау. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесібұл. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі «АНА» деп соғады. Өмірдің гүлі, көңілдің жыры қыздар мерекесі бұл.
Осы қыздар мерекесіне орай мектебімізде наурыз айының 6 жұлдызында мектебімізде аға тәлімгерлердің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында
«МЕКТЕП АРУЫ – 2014» байқауы болып өтті. Қазақ атамыз ерте заманнан –қыз балаға аса көңіл бөлген,оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.  «Мектеп аруы – 2014» байқауының көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап, көру болатын. Байқаудың шарты 4 бөлімнен тұрды.І- сайыс «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда», ІІ- сайыс «Өнерлінің өріс кең», ІІІ- сайыс «Ас- адамның арқауы» , ІҮ- сайыс  «Қыздарға әсемдік жарасады» сәнқой қыздарымыз әдемі 1 киім үлгісін көрсетті (дефиле). Байқауға қатысушы аруларымыз алдын ала алған жеребелері бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

«Күміс көмей әнші» номинациясын жеңіп алған Бекмағанбет Айым добырамен өз нақышына салып ән айтса, «Мың бұралған биші» номинациясына ие болған Амангелді Толғанай шығыс биін билесе, Сатыбалды Мөлдір домбырамен күмбірлетіп күй тартып «Өнерлі ару» атағына ие болды. Қалған аруларымыз Естай Ақжарқын- «Нәзік ару», Базар Айдана- «Бұрымды ару» , Артукметова Малика- «Қылықты ару», Жунусова Жанар- «Инабатты ару», Ғабдуллина Мөлдір- «Көрермендер көзайымы», Маралова Жанерке- «Сымбатты ару»,  Алпысбаева Жауқазын- «Бармағынан бал тамған ару» және Карибекова Салтанат- «Парасатты ару» номинацияларымен марапатталды.
Барлық арудан алға шығып, көрермендерді өз өнерімен тәнті етіп, өзі әнші, өзі биші, ақылына көркі сай аруымыз- Әуез Назерке «Мектеп ару- 2014»  атағына ие болды. Осы Назеркедей ару қыздар көп болғай. Жарайсың Назерке!