Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ауған алауы жадымызда» атты мерекелік кеші

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай  «Ауған алауы жадымызда»  атты мерекелік кеші

2014 жылдың  ақпан айының 13-і жұлдызында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай  «Ауған алауы жадымызда»  атты мерекелік шара өтті. Жиынға мектеп оқушылары, ұстаздары және қалалық білім бөлімінің әдіскері Фархат Маликович және Ауған соғысының ардагерлері Нургалиева Лязат Мубараковна , Мухамедиев Бауыржан Мейірханович, Миглазов Игорь Владимирович  қонақта болды.  Мерекелік  шара  2  бөлімнен тұрды. Алдымен спорттық  залда әскери-патриоттық кадеттер арасында жарыс сонан соң акт залында ауған ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеште БАҚ өкілдері де қатысты. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиын жоғары дәрежеде өтті.