Нәзік жандыларға арналған мерекелік жиын

Мектебімізде 6-наурыз күні мектебіміздің нәзік жанды қыздарына арналған мерекелік жиын өтті. Барлық сынып ұлдары ұстаз мен қыздарға арнап салтанатты дәліз жасап құрметпен қарсы алды. Жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директорының құттықтау сөзімен ашылып,мектеп өмірінде ерекше белсенділігімен танылған оқушы қыздарымыз алғыс хатпен марапаттады. Бастауыш сыныптың 2 «В»сынып үгіт насихат тобы оқушылары да өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Әнші қыздарымыз өлең – шумақтарымен, ән шырқыды. Ұлан сыныптары флеш-моб билеп өз құттықтауларын жалғастырды.