«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»

2019-2020 оқу жылында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен» өткізілген тақырыптық-жоспарлар.
Кәсіпкерлік. Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не?
Қазіргі таңда мектепте 10 сынып оқушылары таңдау пәні ретінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен» оқуда. Сол себепті, 10 сыныптарда аптасына 2 сағат болады. Осы пәннің басты міндеті – өмірлік қиындықтар мен мәселелерді мүмкіндік ретінде қабылдап, алынған білімді өз қызметінің күнделікті саласында пайдалану үшін оқушылардың кәсіпкерлік тұрғыдан ойлауын дамыту.
Осы оқу жылында оқушылар қаламыздың жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. «Атамекен» жеке кәсіпкерлік палата ұйымынан қонақтары келіп, мектеп оқушыларымен ой бөлісті.
Әмбебап – тігінші, грант иегері Бабагалиева Үміт Қуандықовна.
Квас – лимонад, «Тоқырауын» су компаниясының өкілі Абдыкаримова Зауре Миргазиевна.
Кұрылыс компаниясының өкілі Қасымбеков Ануар Панарұлы сынды кәсіп иегерлер Елбасының жолдауында көрсетілгендей, жастарға қолдау көрсете отырып, мамандық таңдамақ 10 - 11 сыныптармен арнайы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында кәсіпкер мамандығын таңдамақ оқушылар да болды. Сол оқушыларға кәсіпкерлер талай кеңес беріп, өз сырларымен бөлісті. Кәсіпорын иегерлері өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісе отырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мейлінше толық жауап берді. Жекекәсіпкер болудың қыр – сыры туралы, кіріс – шығысы жайлы сұрақтар қойылды. Грант иегері Үміт апайдан бұл сұраққа жауап алдық. Оқушылар тіпті, осындай жетісітіктің сыры жайлы сөз қозғады. «Атамекен» жекекәсіпкерлік ұйымы оқушылар арасынан кәсіпкерлер шығатынына қуана отырып, оларға «мақсатқа жету үшін талмай еңбек етіп, алдыға нақты қадам басу керек» деп кеңес берді. Қиындықта төзімді болуға, шынжүрекпен жұмысыңа адал қызмет қылуға шақырды.
Кездесулерден басқа әр апта сайын ойын, тренингтар өткізіліп отырады. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар өз ойымен бөлісіп отырады. Мысалға, алдыңғы өткен сабағымызда
«Экономикалық білім-заман талабы» атты ойын сабағымыз өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды шағын топта жұмыс істеу, тез шешім қабылдау, уақытты тиімді пайдалануды үйрену арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Ойынсабағымыз 10 сыныптар арасында өткізілді.
Соған орай оқушыларды 2 топқа бөлдім. 1ші «Тауар», 2-ші топ «Валюта». Әр топқа тапсырмалар берілді.
1 ші топқа «экономика туралы түсінік», «маркетинг микс»
2 ші топқа «ақша дегеніміз не?, «менеджер» деген терминдер бойынша постер қорғады.
Келесі кезеңде, әрбір топ бір-біріне сұрақ-жауап арқылы, «Кім тез» аннограммасын шешті.
Ойын қызықты да тартымды болды.
Қорытындылай келе, әр топ өз ойымен бөлісті.