Сахналық қойылым

Мектебімізде ақпанның 21-і күні Гуманитарлық бірлестік пәндерінің жетекшілігімен ҰОС жеңісіне 75 жыл толу қарсаңында мектеп оқушылары сахналық қойылым қойды. Бұл қойылым барысында Кеңестер одағының батыры, халық қаһарманы, жазушы, атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғыс жылдарында қан майданда көрсеткен ерлігі, ұрыстардағы әскери стратегиясы мен тактикасын ұтымды қолданып, Жеңіске жеткені туралы баяндалды. Сонымен қатар, Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің өшпес даңқты ерліктері паш етілді. Қойылымдағы рөлдерді жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер сомдап шықты.