«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы

2020 жылдың 23-қаңтар күні ЖББ №8 орта мектебі қыз балалары арасында «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: Халықтық тәлім – тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу.
Жиналысқа мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Саттыбаева Назима Қизатоллақызы, мектеп медбикесі Сатбекова Мақпал және инспектор, ювеналдық полиция капитаны Тыркесбаева Асем Ергазиевна қатысты.
Жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Алпысбаева ашты. Ата-аналар комитетінің төрайымы Саттыбаева Назима «Қыз әдебі» тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп медбикесі Сатбекова Мақпал «Қыз бала гигиенасы» тақырыбында әңгіме қозғаса, мектеп инспекторы ювеналдық полиция капитаны Тыркесбаева Асем Ергазиевна қыз балалар арасында құқықбұзушылықтар туралы баяндады.
Қыз балаларға арналған «Қыз баланың сұлулығы» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Ұл балалардан алынған «Қыздың көркі не?» сауалнама қорытындысы шығарылып, таныстырылды. «Қыз бала әдебі» тақырыбында жасалған үнпарақтар таратылды.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.
Жиналыс соңында қыздар өздерінің ой-пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісті.
На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении
 
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят и в помещении На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят
На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении