Жас ұландармен кездесу

Еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы, оның ішінде біздің ұландықтар да бар. Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің ұлан сыныптарының тәрбиеленушілері бүгінгі күні қарағанды және Астана қаласының Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тыңдаушылары болып отыр. 2019-2020 оқу жылында 10- сыныбына қабылданған Сагимбеков Диас, Муратұлы Диас, Қоңыров Дарын, Темірғалы Сйаран, Боқайұлы Асылмұрат, Төребек Айбар, Ыбрайымбек Төлеген Жас Ұлан мектебінің тыңдаушылары болып, алғашқы демалыстарына шыққан кезінде бірден өздері 5- сыныптан бері тәрбиеленген мектебіміздегі ұлан сынып оқушыларымен кездесуге асыққандарын жасырмады. Олар алғашында әскери тәртіпке, ұланның өміріне үйренісуде осы ұлан сыныпбында оқығандары ықпал еткенін айтты. Әскери мектептің тәртібіне екі айдың ішінде дағдыланып кеткендігін, бойымыздағы Отанға деген сүйіспеншілік артып, ер азамат ретінде туған жерімізді қорғауға құлшыныс пайда болды дейді.
Осы аталған мектептің 11- сыныбын 3- ұлан жалғастырып отыр. Олар да «Жас ұлан» мектебінің 11- сыныбын тәмәмдаған соң осы әскери бағытта оқуларын жалғастырмақ екен. Жас ұландықтар өздері қалаған оқу орнына түсіп, білікті маман болып, ата-аналарының және Отанның алдындағы борыштарын өтегісі келеді. Іс-шара соңында Ұлан сыныптарының жетекшілері Т.Еримбетов, А.Отарбаев, А.Дәкәрім кешегі ұлан сыныптарының бітірушілеріне жүрекжарды лебізін білдірді.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 9 человек

На изображении может находиться: 6 человек, люди улыбаются, люди стоят