Дебаттық турнир

Мектеп оқушыларының арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани – құндылықтарды дамытуға бағытталған дебаттық турнир өткізілді.
Дебат өткізу арқылы Абай Құнанбаев, Әл –Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу туралы ойлары ортаға салынды.
Карл Поппер форматында ұйымдастырған дебат жетекшісі М.Ибышева команда ойыншыларына дебаттық қозғалыстың
(1КЕЗЕҢ - қаңтар: «Адамгершілік және рухани тазалық»):

1. Әр оқушы Абайдың қара сөздерін білуі керек;
2. Әл –Фарабидің даналығы осы уақытта да құптарлық;
3. Абайдың қара сөзіндегі ең үздік үш ой;
4. Мектептерге М.Әуезовтың «Абай жолы» романын оқытуды факультативтік бағдарламаға енгізу;
5. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез –құлыққа байланысты» (Әл-Фараби) тақырыптарында өткізілетінін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі шара барысында дебат ойыншылары сыни ойлау тұрғысын , шешендік сөз, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін жете көрсете алды. Тақырыптық дебат ойынына 5-6; 7-8-9- сынып оқушылары қамтылды. Ойыншылар жарыс соңында мақтау қағаздарымен марапатталды.

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 12 человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, в помещении