5-7- сынып оқушыларына «Әкемнің жұмысындағы бір күн» және 8-9- сынып оқушыларына «Ауылдағы екі апта»

2019 жылдың 12-қарашасы күні мектебімізде Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі ретінде 5-7- сынып оқушыларына «Әкемнің жұмысындағы бір күн» және 8-9- сынып оқушыларына «Ауылдағы екі апта» тақырыптарында әлеуметтік жобалар жасады.
Жобаның өткізілу ережесі бойынша қатысушылар фото-презентация әзірлеп, әкесінің жұмысындағы өткізген бір күн туралы жазған жобаларымен таныстырды. «Әкемнің жұмысындағы бір күн» жобасы оқушыларға әкелерінің жұмысы жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.Яғни олардың қызметтерінің басты мақсаты туралы,олардың қызметтерінде қандай жұмыстармен айналысатыны туралы,жалпы олардың жұмысы не туралы екенін білуге мүмкіндік берді. Оқушылар жоба жасау барысында әкелер жұмысының тактикасын зерттеп,өз болашақтарына үлкен тәжірибе жинақтады.Жоба қорғау нәтижесінде 5 А сынып оқушысы Н.Әуезхан жүлделі 1- орынға ие болды.
«Ауылдағы екі апта» тақырыптарында 8-9- сыныптар жобаларында ауыл тарихы мен тіршілігіне деген құрметті арттыру мақсатында еңбекке араласқан кезеңдерін түсіндіріп айтты.Екі апталық материалдар жинақталып, видео, презентация әзірлеген оқушылар өз жобаларын қорғап шықты. Қорытындысы бойынша 8В сынып оқушысы Н. Боқай жүлделі І орынға ие болды.

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, стол, ребенок и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении