«Мен таңдаған мамандық»

Мектебімізде 07.11.2019 жылы оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында 10Ә сынып жетекшісі С.А.Мустафинаның ұйымдастыруымен мектеп психологі З.Н.Абдуалиеваның қатысуымен 10Ә сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» ашық алаң атты еркін пікірлесу сағаты өткізілді. Ашық алаң барысында оқушылар өздері таңдаған мамандықтары жайында, мамандық таңдауда кездескен қиындықтар туралы еркін пікірлесті. Сондай-ақ , мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс? Қателескен жағдайда не болады? Бірнеше мамандықты алып жүру мүмкін бе? деген сауалдарға өзіндік көзқарастарын білдірді.«Мен таңдаған мамандық»ашық алаң еркін пікірлесу сағатында оқушылар барынша ерікін әрі ашық ойларын білдірді. Пікірлесу соңында мектеп психологі ашық алаң барысында оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндердерге сәйкес психологиялық мінездеме бере отырып, қай мамандыққа бейім екендіктерін айтты.

На изображении может находиться: 3 человека, стол и в помещении

На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят и в помещении

Нет описания фото.

Нет описания фото.