«Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің»

«Әдемілік түрінен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді» деп жатады дана халқымыз. Қазақ халқының бойындағы қайырымдылық қасиетті жоғалтып алмай, адам бойындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту мақсатында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2019 жылдың 24 қазанда қамқоршылар күніне орай «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қамқоршы ата-аналар: Мухажанова Күнбала Мұсаханқызы,Кокенова Куагайын Асерқызы,Қуанышева Айгүл Жексембайқызы, Айдабулов Кадиржан Канагатович, Мамашева Жаннұр Алтынбекқызы, әкелер кеңесінің төрағасы Джуматаев Марат Қадырович қатысты. Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры А.Т.Токейбекова ашып берді. Келген қонақтар мен көрермендер бір-бірімен бала болашағы туралы ойлар мен пікірлер талқылады. Сонымен қатар, мектеп психологы З.Н. Абдуалиева психологиялық тренинг жаттығуын жүргізіп, бір-біріне жақсы тілектер мен ізгі ниеттер білдірді. Балалар қамқоршыларына арнаған өлең жолдарын оқып берді. Дөңгелек үстел соңында мектеп ұжымының атынан қамқоршылар отбасыларына мадақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

На изображении может находиться: 5 человек, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении