Нан – дастархан байлығы

Нан – дастархан байлығы. 16-қазан күні ЖББ №8 орта мектебінде «Бүкіл әлемдік нан күні» аталып өтті. І-қабатқа тақырыпқа сай тақырыптық стенд безендірілді. 1-сынып оқушыларының арасында «Дәннен нанға дейін» тақырыпта әңгіме сынып сағаттары өтті. «Нан тіршілік көзі» атты тақырыпта 4-сынып оқушылары пікір алмасты. «Нан ауыз тиіңіз!» атты 2,3,5, сыныптар арасында ұн тағамдарынан жасалған наның түрлерінен жәрмеңке өтті және «Ертегілер» үйірмесінің мүшелері «Нан қайдан келеді?» ертегісінен қойылым көрсетті.
«Ас- атасы нан» атты 6-сынып оқушылар арасында суреттен көрмесі ұйымдастырылды.7-сынып оқушылары «Нан-қасиетті тағам »тақырыбында шығармаларын жазды.
Бұл шараның негізгі мақсаты мектебіміздің оқушыларына нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.Біздің халқымыз нанды ас атасы деп қасиет тұтып, «нанды аяққа баспа, жерге тастама, киесі атады» деп тәлімдік терең мағыналы ұғым қалыптастырған.

На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят

На изображении может находиться: 6 человек, в том числе Nis Karaganda, люди улыбаются

На изображении может находиться: еда

На изображении может находиться: еда