«Қыз болашағы-ел болашағы»

2019 жылдың қазан айында мектебімізде «Қыз болашағы-ел болашағы» Дүниежүзілік қыздар күніне орай онкүндіктікте іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Қай қоғамда болмасын қыздарды күллі жақсылық пен парасаттылық атаулының бастау бұлағы деп қараған. 11-қазан халықаралық қыздар күніне орай ЖББ №8 орта мектебінде «Қыздар өз арамызда » атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қаламыздың аналар қоғамының төрайымы Шайзада Рыскуловна және мектеп ішілік аналар мектебінің төрайымы Бекзат Оттарханқызы ,аналар мектебінің мүшесі Жанаргул Қаппаровнаның және мектеп әкімшілігінің қатысуымен өтті.Шайзада Рыскуловна өз сөзінде өзінің ұзақ жылдар бойы ұстаздық ету барысында тәрбие бесіктен басталатыны, отбасынан оның ішінде, қыз бала тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестерімен ой бөлісті.Қатысушы қонақтарымызға қыздарымыз өз ойларындағы сұрақтарын қойып, пікір алмасты.Қыздардың тәрбиесі туралы көптеген мағлұматқа қанық болдық.
Халықаралық қыздар күніне орай 7-сыныптың қыздары арасында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты іс-шара өткізілді.Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты – қыздардың ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Іс-шара басында әр сынып қыз балалары қатысқандықтан, жақсы көңіл-күй туғызып, бір-бірімен жақынырақ тіл табысу мақсатында «Малекула» жаттығуы жүргізілді. Жаттығуға өте қызығушылықпен қатысты.
«Қазақ қызы қандай болу керек?» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, ой-қорытынды жасалды.
«Күн шуағы» жаттығуы арқылы әр қыз бала өз бойындағы және құрбысының бойындағы жақсы қасиеттерін айтты. Іс-шара барысында қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес ұсынылды.
«Есесіне мен…»жаттығуы оқушылардың өздерін бағалау деңгейлерін арттыру мақсатында өтілді.
«Қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болу мақсатымен өз ойларын ортаға салып, іс-шараны қызыға қорытындылап, соңында қыздар қазақтың биін мың құбыла билеп аяқтады.
Сонымен қатар, «Қолөнер шебері» тақырыбында қыз балалар орындаған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

На изображении может находиться: 16 человек, в том числе Анар Киякбаева, в помещении  На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят, стол и в помещении