«Ұлан» сыныбының балы

 «Ұлан» сыныбының балы

 2019 жылдың 21 мамыр күні «Сұлтан Бейбарс» тойханасында  «Ұлан» сыныбының балы өтті. Баллға арнайы қонақтар мен ұландардың ата-аналары шақырылды. Кешті жүргізу: Кемельбекова Ақмарал мен Мұсатаева Жайнаға тапсырылды. Балл бітіруші ұландардың «Полонез» биімен басталды.Салтанатты құттықтау сөз мектеп директоры А. Токейбековаға берілді. Әр «Ұлан» сыныбы жеке-жеке өнерлерін көрсетті. 6 "Ә" «Полька»  7 "Ә",8 "Ә" және 9 "Ә"  «Вальс» 5 "Ә" «Менуэт» биін биледі. Мектеп оқушыларынан тыс Ұлан сыныптарына және балл қонақтарына арнайы өнер иелері шақырылып саксафон мен скрипкада өнер көрсетсе, Галямова Гульгана ән шырқады. Мектеп оқушысы Рахмет Нұрасыл «Ана» әнін орындады. Осы сәтте бітіруші түлектер өздерінің аналарымен вальс биледі. Балл қызықты да, көңілді өтті.