"Арулар-асыл жандар!" атты мерекелік кеш

     Мектебімізде 07.03.2019 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп ұстаздарына арналған "Арулар-асыл жандар!" атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке ардагер ұстаздар шақырылды. Мереке мектеп директорының құттықтау сөзімен басталды. Оқушылар өз өнерлерімен ұстаздарын құттықтап, сыйлықтарын табыстады.Меркеге орай, бірқатар ұстаздар мен кіші қызметте еңбек етіп жүрген нәзік жандарды мақтау қағаздарымен марапаттады. 2-сынып оқушылары "Көбелек" биімен концертті ашты. Жас мамандар мен оқушылар бірігіп аяулы ұстаздарға арнап ән шырқады. Мектептің ер мұғалімдері "Королева красоты" әнін айтып, ақ тілектерін жаудырды.Сонымен қатар Ұлан сыныбының оқушылары заманауи стильде флешмоб биледі. Көрермендермен сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Кеш өте керемет, әрі жоғары деңгейде өтті.