«Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысы
«Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысы
2018 жылдың 02 наурызында мектебімізде салт – дәстүрді, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Өнерлі қыз, өнегелі ана» байқауы өтті. Байқауға 8, 9 – сынып қыздары аналарымен қатысты. Әділқазы мүшелері: мектеп директоры А.Токейбекова, ДОІЖО Т.Әлкей, қазақ тілі мұғалімі М.Жумабаева болды. Қыздарымыз бен аналарымыз 4 кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең – таныстыру, екінші кезең – монолог, үшінші кезең – дефиле және төртінші кезең – сұрақ–жауап. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 8Б сынып оқушысы Полукарова Ольга және анасы Полукарова Ләйлә иеленді. «Гауһартас» үйірмесінің жетекшісі С.Қыбырат жеңімпазға тәж кигізді.
Дата: 3.03.2018, 22:12 Автор: Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мек