Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауын насихаттау

Елбасының

Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауынжалпы білім беретін №8 орта  мектеп ұжымы тыңдап, өзіндік пікірлерін білдірді. Елбасы жолдауына тарих пәнінің мұғалімі  З.М Жакупова өз пікірін білдірді.  Елбасының өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті.Ол үшін экономиканы дамыту, капиталды қорландыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, халықаралық қарым- қатынас пен ынтымақтастыққа көңіл бөлетіндігін,білім жаңарту бағытында жұмыс жасайтын  мұғалімдер жалақысы  категорияларына байланысты 30-50 пайызға өсетінін айтты. Сөз басында  Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауына қатысты мәлімдемесінде қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен  қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет деп баса айтқандығы  көңілімізге қуаныш ұялатты. Себебі  біздің қазіргі уақытта заман талабына сай  оқушыларымызды  мұғалімдер де үш тілділікке  бағыттап білім берудеміз. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігі де осы жолдауда айтылды. Бүгінгі күні бұл үшінші жаңғырудың бастамасын біз еңбек жолымызда да көріп келеміз. Сонымен қатар  білім мазмұнын жаңартудың 2021 жылы толық аяқталып  жас ұрпаққа сапалы білім беріліп,  кәсіптік бағдар жұмысының  да маңыздылығы көрінетіндігі қуантарлық жағдай. Шынында да, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. Еңселі еліміздің жарқын болашағын қолдайтын Жолдауға қашанда қолдау көрсету-ұстаздар қауымының басты міндеті.