«Тәуелсіздік тұғыры» 16 желтоқсан –тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

«Тәуелсіздік тұғыры» 16 желтоқсан –тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

  Мектебімізде 14 желтоқсан күні 16 желтоқсан –тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты салтанатты жиын болып өтті.  Салтанатты жиын оқушылардың бөрілі байрақты көтеріп, көк тәңірге табынған көк түріктің ұрпақтары бүгінгі таңда да өздерінің рухани өмірдегі жеңістері-мен әлемді сүйсіндіріп, жасампаз рухтың өлмегендігін паш еткен, кең даланы ат тұяғымен дүбірлеткен түркілердің көкірек сарайының тек ерлік пен қайсарлығын көрсеткен «Бөрілер» биімен басталып, «Бабалар аманаты» атты сахналық қойылым көрсетіп, «Батырлар» биімен жалғасты.
  Егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағы, қастерлі аманатты абыроймен атқарар жас ұландарымыз 4 сынып оқушылары Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас ұлан» біріңғай балалар ұймының қатарына қабылданып, «Жас ұлан» гимні орындалды. Салтанатты жиын Гамзатов Мерзаттың орындауындағы "Қазақстан" әнімен  аяқталып, жүргізушілеріміздің құттықтауымен аяқталды.