Жаңалықтар

Педагогикалық тамыз кеңесі

Дәреже: Құттықтаймыз!
Дата: 2018-08-28 13:27:51
Педагогикалық тамыз кеңесі
    2018 жылдың 25 тамыз күні  "Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында педагогикалық қызметкерлердің аймақтық тамыз кеңесі  болып өтті.  Кезекті мәжілісте білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, нақты мақсат-міндеттер айқындалды. Сонда...

Жазғы демалыстың қызықты күндері

Дәреже: Қысқы демалыс
Дата: 2018-08-13 10:27:59
Жазғы демалыстың қызықты күндері
      Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында лицейіміздің жетім және қамқоршылықтағы, аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 13 оқушыға әртүрлі кезеңнен қала сыртындағы лагерьде дем алу үшін тегін жолдамалар берілген болатын. Тамыздың 12 жұлдызында қазақтың байтақ даласындағы көрікті мекенінің бірі – Бектауата  шатқалында орналасқан  «Ж...

Астанаға саяхат

Дәреже: Апталықтар
Дата: 2018-08-09 11:23:15
Астанаға саяхат
     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында, сонымен қатар қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай оқушыларға Астанамызға саяхат жасауға тамаша мүмкіндік берілді. Аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына арналған бұл саяхатқа лицейімізден 5 оқушы барып келді. 1 тамыз кү...

«Гүлденген лицей»

Дәреже: О нас
Дата: 2018-08-09 11:09:20
«Гүлденген  лицей»
       Қазіргі таңда мектеп  ауласын көгалдандыру бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.  Аулаға отырғызылған бір ағаштың қоршаған ортаға маңыздылығы зор болғандықтан,  лицей  алаңын көгалдандыру жұмыстары  ерте көктемнен жоспарланып басталды.   Жасыл желектерді қопсытып, суғарып, зиянкестертен қорғау жолдары жүргізіліп, жас отырғызылған көшеттер...

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-08-06 11:45:35
«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру.
   1-ші тамыз күні «Балхаш» сауда орталығының жанында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы PR(пиар)-кампания акциясы ұйымдастырылды.  Акция барысында қала тұрғындарына «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының өтілуі жайлы және демеушілер мен меценаттарды акцияға тарту мақсатында жарнама парақшалары таратылды.

Сәт сапар жас түлек!

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-06-16 09:21:26
Сәт сапар жас түлек!
15.06.2018ж. күні лицейіміздің 11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті. Бұл кеш жас түлектеріміздің жүректерінде мәңгі сақталып, үлкен өмірге деген үкілеген үмітпен аттанатын маңызды қадам. Рухани жаңғыру бағдарламасының маңызды тетіктерінің бірі ұрпақ бойынан ұлтжандылықты сіңіру десек, лицей қабырғасынан түлеп ұшқан жастарымыздың ұстанымы Мәңгілік ел болатынына сеніміміз мол...

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның қорытындысы

Дәреже: Қауіпсіз мектеп
Дата: 2018-06-06 11:23:10
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның қорытындысы
Балқаш қаласы абай атындағы №2 лицейде 2018 жылғы 23 сәуір мен  8 мамыр аралығында «қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның ұйымдастыруымен іс-шаралар өтілді. Ата-аналар мен педагогтардың назарына  оқушылардың ғаламторда көп отыруының зияндылығы туралы ой бөлісе отырып, олардың әсерінен болатын проблемаларды түсіндіріп, оның алдын алу шараларын ұсына отыры...

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-06-05 16:29:10
4 маусым  - Мемлекеттік рәміздер күні
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді». Нұрсұлтан Назарбаев                    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. О...

31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту» күніне арналған танымдық кештің өтілуіне байланысты ақпар

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-05-31 09:01:35
31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту»  күніне арналған танымдық  кештің өтілуіне байланысты ақпар
   Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде  мамыр айының 30-шы жұлдызында  «Ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихтың жан ауыртар ақиқаты»   атты   танымдық кеш өтті.  Мақсаты:Оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. -  Қазақстанның лагерьлер өлкес...

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын ақпары

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-05-26 10:15:31
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын ақпары
         Мамыр айының 25-і күні бітіруші түлектерге арналған  «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты  мерекесі өтті. Мереке    жас түлектер   мен  қонақтардың Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен   басталды. Абай  ескерткішіне  гүл  қою   құрметі   Ішкі   саясат ...

бiрiншiсi 1 62 63 64 65 66 71 соңғысы