«XХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»

«XХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»

08.09.2018ж. күні лицейімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған «XХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»тақырыбындағы республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көсету мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Балқаш қалалық мәслихат депутаты - Сартаев Азамат Алшынбекович, Балқаш қаласының білім беру ұйымының маманы - Аристанбекова Перизат Канатбековна және Балқаш қаласы білім беру  ардагерлер кеңесінің төрайымы,  Балқаш қаласы аналар кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясы ардагерлерінің төрайымы Сыздыкова Шайзада Рыскуловна  сынды қонақтар қатысты.

Конференцияда мынадай аса маңызды мәселелер қарастырылды:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

Конференцияның бірінші сынып ата-аналарына өте құнды, ауқымды мағлұматтар берді. Жиналыс аяғында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жариялап, ризашылықтарын білдірді.

Дата: 8.09.2018, 15:30 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі