«Қазақстаным - Отаным»
«Қазақстаным - Отаным»
Күні: 5.02.14ж.
Сынып: 4«А»
Өтетін орны: 15 каб.
Мұғалім: Асылбекова А. Т.
Тақырыбы:«Қазақстаным - Отаным»
Мақсаты:
Білімділік: ҚР мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекет-тік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
Дамытушылық: жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамы-ту; сезімдерін дамыту; талдау, салыстыра және ой қорыта білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелілік: қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, ҚР рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, буклеттер, нақыл сөздер, авторлар суреті, шар-лар, плакаттар, шекара бекетінің суреті, шекарашы киімі,. Слайд.
Түрі: саяхат сабақ.
Барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қадірменді оқушылар! Біз бүгінгі өлкетану сабағымызда РӘМІЗДЕР еліне саяхатқа шығамыз. Жолға шықпас бұрын бізге дайындық қажет! Саяхатқа екі топ болып шығамыз, топ басшыларымызды тағайындайық, сондай-ақ, бізге құрал-жабдықтар қажет болады. Өздеріңмен бірге сурет дәптер, түрлі-түсті қарындаш, қаламдарыңды алып алыңдар.
Біздің бүгінгі саяхатымыздың мақсаты – Рәміздер еліне көп мағлұмат әке-лу, олар туралы, авторлары, жасалу тарихы, т.б. қызықты мәліметтер жинау-мыз керек. Қоржынымыз бос қайтпасын! Саяхаттан оралған соң кім олжалы болғанын байқаймыз!
Әнұранмен жолға шығайық.(Әнұран орындалады)
Жаңа сабаққа даярлық.
- Балалар, біз Рәміздер мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп өткізеді. (Текше лақтырып, сол текшедегі номерде берілген сұраққа жауап беруіміз керек)
Шекара бекеті. Шекарашы:
1. Отаның қалай аталады?
2. Мемлекетіңнің презеденті кім?
3. Оның астанасы қалай аталады?
4. Ата Заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?
5. Сен тұратын облыс қалай аталады?
6. Облыс орталығы қай қала?
7. Мекен-жайыңды айт?
8. Отан туралы мақал айт.
9. Ауданың қалай аталады? Ол неше жасқа толды?
Жаңа сабақ.
Міне, балалар біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.
Рәміздер дегеніміз – түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз: бағдаршамның үш түсі қозғалысқа назар аударуды, оның алғашы мен соның бейнелесе, жолаушылар көлігі нақты бағытты көрсетеді.
Қандай да бір мемлекет болмасын, оның алғашқы қадамы өз туы, елтаңба-сы, әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел тәуелсіздігі мен егемендігі-нің белгісі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабыл- дауға ерекше мән беруі де соған байланысты.
Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады:
«Әнұран» елі; «Елтаңба» елі; «Ту» елі.
Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырайық.
Әнұран елі. Әнұран еліне келдік. Осы елдің әнші-сазгерлерімен танысайық
Әнұранның сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әнін жаз- ған: Шәмші Қалдаяқов.
Елтаңба елі: Елтаңба еліне келдік. Бұл елдің сәулетшілерімен танысайық.
Қонақ кәде ретінде өлеңімізді айтып берсек.
ЕЛТАҢБА
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл – таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ – ел күні,
Асқақтатып тұр мұны -
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Т.Молдағалиев.
Ту елі. Ту еліне келдік.
Бұл елдің суретшісі: Мемлекттік Тудың авторы – суретші , еліне еңбегі сіңірген өнер қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. (Ту туралы мағлұмат беру)
Кәделеріңді дайындап қойдыңдар ма?
БІЗДІҢ ТУ
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда – алтын күн,
Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Т.Молдағалиев.
Шекара бекеті.
Шекарашы:
- Балалар естеріңде болсын!
Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар ҚР – ның аймағында жүрген адамдардың барлығы ҚР –ның мемлекеттік Туын, ҚР – ның мемле- кеттік Елтаңбасын, ҚР – ның мемлекеттік Әнұраның қадірлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын, мемлекттік Әнұраның қорлауда кінәлі болған адамдарға ел аумағында қолда- нылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Топтық жарыс. Балалар, Қоржынымыз толық па? Қане, көрейік!
1. Топ басшылары сайысады. (Сұрақтар қойю)
2. Екі топ елтаңба мен туды қорғайды (маңызы, авторлары, түр түсі, мазмұнын ашады).
Сөзжұмбақты шешу.
Қорытынды.