5.09 – 12.09.2019 ж. қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған апталықтың есебі

Тақырыбы: «Тіл тағдыры- ел тағдыры»

Мақсаты:Мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нылуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру.

Тіл апталығы 5 қыркүйек күні апталықтың салтанатты ашылуымен басталды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Шакижанова, қоғамдық-гуманитарлық бірлестік жетекшісі Б.Т.Адамбаева оқушыларды мерекемен құттықтап, апталықтың жоспарымен таныстырып, апталыққа барлық сыныптың ұйымшылдықпен атсалысуын ескертті.Мектеп кітапханасында «Тіл –  достықтың дәнекері»атты кітап көрмесі жасалды.

06.09күні Бастауыш сыныптар арасында«Ана тілім - айбыным» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар мәнерлеп, нақышына келтіре ана тілі, мемлекеттік тіл туралы қлеңдер оқыды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 8-9 сыныптар  арасында«Тіл және тәуелсіздік» тақырыбында эссе, шығармалар сайысы өткізіліп, үздік шығарма жазған оқушылар марапатталды.

7-8 сыныптар арасында “Be the best” танымдық ойын өткізілді. Оқушылар ана тілдерімен қатар  шет тіліне де жетік екендерін дәлелдеді. 10-11 сынып оқушыларыментарих пәнінің мұғалімі Мақыш Т.Т «Тілдің болашағы – ұрпақтың болашағы» атты дөңгелек үстел өткізді.Жоғары сынып оқушылары тілге деген көзқарастарымен, латын алфавиті жайлы сөз қозғап, Дө мемлекеттік тілдің мәртебесі, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне деген құрмет жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.

5-8 сыныптар«Тілдер әлемінде»  мәнерлеп оқу сайысыөтті. Оқушылар үш тілде өлеңдер оқудан өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар тілге деген құрметін, патриоттық сезімдерін өлеңмен жеткізудегі шеберліктерін көрсетті.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

10.09 күні орыс тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Лингвистический бой» тақырыбында орыс тілінде сайыс өткізілді. Бұл сайыста оқушылар орыс тілінен білімдерін көрсетті. 9-11 сыныптар арасында «Латын әліпбиі – заман талабы» танымдық сағаты өтті. Оқушылар латын әліпбиінде 30 сөзден тұратын диктант жазып, өз дайындықтарын, сауаттылықтарын байқатты.Латын әліпбиін үйреніп жатқандықтарын дәлелдей отырып, біра сұрақтарға жауап беріп, пікірсайысқа да түсті.

6-7сыныптар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сайысы (үш тілде сайыс), «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»   атты сайыс өткізілді.Бірінші сайыста оқушылар  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сұрақтар  сайысы жүргізілді әр тақырыпта дайындалған сұрақтарға жаңылмай жауап беруде жоғары білім деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

11.09 күні «В мире сказок» интеллектуалды ойыны,«We are the champions» сыныптан тыс сабақ және  5- сыныптар арасында «Тіл мәртебесі» сайысы өткізілді.

12.09. күні информатика пәнінің мұғалімі Мұқаметжан Т.Д 9-10 сыныптар оқушыларының арасында «Ана тілі –білімнің кілті» атты  презентациялар мен бейнероликтер сайысын өткізіп, «Ең үздік презентация» мен «Ең үздік бейнеролик» номинациялары бойынша бас жүлдегерлер анықталып, жүлделі орындар беріліп, жеңімпаздар марапатталды.

12.09 күні   5-10 сыныптар аралығында «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі өткізілді. Әр сынып жеребе бойынша ұлт өкілдерін таңдап, сол халықтың салт-дәстүрін, амандасу салтын және ұлттық биін, әнін көрсетті. Соңында барлық ұлттар бір шаңырақ астындағындай бірлік пен татулықты   әнге қосып, би биледі. Жеңімпаз сыныптар марапатталды. Әділ қазылар алқасы әділ шешім шығарып, жүлдегер сыныптар анықталып, марапатталды.