Размер шрифта:

әлеуметтік педагог

Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты:

Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге  басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді,  оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға  ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;

            Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.

 

Әлеуметтік  педагогтің  іс-құжаттар номенклатурасы

  1. Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары.
  2. Әлеуметтік педагогтің жылдық есебі.
  3. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар бойынша құжаттар.     
  4. Мектепішілік және қалалық тәртіп бұзудың алдың алу инцпекция есебінде тұрған, қиын отбасынан шыққан балалардың құжаттары.                                                          
  5. Жас өспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары.
  6. Жалпы білім беретін мектептегі асхана жұмысын және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
  7. Алыстан қатынайтын оқушыларға бөлінген қаражат туралы мәлімет.
  8. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету.
  9. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету.

10.  Нормативтік-құқықтық құжаттары

 

Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары

 

Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.

Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететінмынадай заңдарды басшылыққа алады:

1.      Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

2.       БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;

3.      Қазақстан Республикасының Конституциясы;

4.      ҚР «Білім беру туралы заңы»;

5.      ҚР «Неке  және отбасы туралы заңы»;

6.       «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;

7.      «Патронаттық тәрбие туралы ереже»;

8.      «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;

9.       ҚР Еңбек кодексі;

10.  ҚР Қылмыстық кодексі;

11.   «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.