Размер шрифта:

Әлеуметтік педагог

 

 

 


Әлеуметтік педагог

Қасенова Айнур Сериккажиновна

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық нұсқаулығы

Жалпы ережелер

          Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын,БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке  және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.

           Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен босату бекітілген талаптарға сай жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагог қызметіне жоғарғы оқу орындарының «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтаған, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен, сонымен қатар біліктілікті арттыру институттарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоғары білімді мамандар қабылданады.

Әлеуметтік педагог мектеп директорына тікелей бағынады, мектеп Жарғысын, аталмыш нұсқаулықты, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды  басшылыққа ала отырып өз қызметін жүзеге асырады.

Мақсаты

Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.  

Әлеуметтік педагогтің функциялары

Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.

       1. Аналитикалық диагностикалық:

- әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;

- жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.

     2. Жобалау:

- бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;

- тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;

- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және  кезекті етіп жоспарлау.

   3. Ұйымдастырушы  – қатынастық:

- мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;

- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;

- әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;

- жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.

4. Коррекциялы :

- балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер ететін тәрбиенің барлық түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.

Міндеттері

Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына міндеттерді атқарады:

-  Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.

- Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.

- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтайды.

-  Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

- Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).

- Салауатты өмір салтын ұйымдастыру  мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады.

- Түрлі әлеуметтік топтарда  сенімді  қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету

- Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың  қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.

     Әлеуметтік педагог төмендегі құқықтарға ие болады:

-  Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын ;

- Сабақтарға қатысып отыруға;

- Мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға;

- Медициналық әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына;

- Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға;

- Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға;

- Өз еркімен мектеп тарапынан басқа да білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық, тәртіп сақтау, әлеуметтік қорғаныш, психологиялық қызмет көрсету ұйымдарымен, балалар мен жастар қоғамдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті басқару органдарымен бірлестікте жұмыс атқаруға;

- Өз кәсіби деңгейін жетілдіруге;

- Әлеуметтік тәрбиеге қатысты жергілікті бағдарламаларды жоспарлауға, құруға және жүзеге асыруға, басшылық жасау үшін қатысуға;

- Өз әрекетін жүзеге асыруда әдіс-тәсілдерді, құралдарды өз еркімен таңдауға;

- Өз әрекетіне қатысты негізсіз араласулардан қорғануға;

- Мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлауға және сайлануға;

- Өз міндетін атқаруда мектеп  педагогтары мен оқушыларына шектен шықпайтын нұсқаулар беруге;

- Кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға құқылы.

Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі

Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.

       Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

 -   табиғилық - айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;

мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;

-    эмпатия – әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;

-   ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;

-    кішіпейіл  –  жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;

-    нақтылық  – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.