Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы «Шапағат» әкелер кеңесі жұмысының жоспары

Жалпы білім беретін №5 орта  мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы «Шапағат»  әкелер кеңесі жұмысының жоспары

Іс-шаралар

Мерзімі

 

Жауаптылар

1

Әкелер кеңесінің отырысы. Жылдық жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.

Қыркүйек

Әкелер кеңесі төрағасы:

2

Әкелер кеңесі мәжілісін өткізіу.

Тоқсанына 1 рет

Әкімшілік

3

Жалпы мектепішілік іс-шаралар кезінде ерікті жасақтың кезекшілігін ұйымдастыру.

Мектеп жоспары бойынша

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

4

Оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша әкімшілік жиналыстарға қатысу.

Әр жұма сайын

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

5

Кешкі уақытта мектептің шағын аудандарына мұғалімдермен бірлескен рейдтер жүргізу.

Кесте бойынша

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

6

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру рейдтері

Айына 1 рет

Әкелер кеңесі мүшелері

7

«Сәтсіз» отбасыларды;   мектепішілік есепте тұрған оқушылармен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі әңгімелер жүргізіп, балалардың отбасын аралау. 

Жыл бойы

Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері

8

Мектеп Жарғысын бұзушы балалармен алдын-алу жұмыстары.

Әр айдың 2-ші дүйсенбісі

Әкелер кеңесі мүшелері

9

Ер балалармен темекі шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зияны туралы алдын-алу әңгімелері        (мамандармен кездесу )

Жыл бойы

Әкелер кеңесі мүшелері

10

Оқушылардың денсаулықтарын сақтау жұмыстарына ықпал ету, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына тарту.

Спорттық іс-шаралар жоспары бойынша

Әкелер кеңесі мүшелері

11

Әртүрлі жалпы мектепішілік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге көмек жасау.

Жыл бойы

Әкелер кеңесі мүшелері

12

«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында кеш ұйымдастыру.

Қаңтар

Әкелер кеңесі мүшелері

13

«Менің қолымнан келеді ме?»  ата-аналардан сауалнамалар алу.

Наурыз

Мектеп психологы