Размер шрифта:

Мектептің жарғысы

                                                                          

                                       Балқаш қаласы әкімдігінің

                                                         2015 жылғы «      »   ______________

                                                                  № _____   каулысымен

                                      БекітілГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балқаш қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласы жалпы білім беретін

№ 10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒ ЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш қаласы

1. Атауы,  орналасқан жері (заңды мекенжайы).

 

            1. «Балқаш қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №10орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әрі қарай «Мекеме» деп аталады, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,  сондай-ақ мектепке дейінгі дайындықты жүзеге асыру үшін құрылған мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

            2. Балқаш қаласының әкімдігі Мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

            Жергілікті уәкілетті білім беру органы - «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) немесе оның құқылы иегері Мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті  «Балқаш қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басқарады.

            3.Мекеме өзінің қызметі барысында Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,«Қазақстан  Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Қазақстан  Республикасындағы тілдер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және  Қазақстан  Республикасының  басқа да нормативтік және құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.

            4. Мекеменің толық атауы:

            мемлекеттік тілде: «Балқаш қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №10орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

            орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная средняя школа №10 города Балхаш» государственного учреждения «Отдел образования города Балхаш».

            Мекеменің қысқартылған атауы:

            мемлекеттік тілде: «Балқаш қаласының №10 ЖББОМ»  КММ;

            орыс тілінде: КГУ «ОСШ №10г. Балхаш».

            Мекеме қызметі –шексіз.   

            5. Мекеменің заңды мекенжайы: 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,Желтоқсан көшесі, 4.

 

2.Ұйымдастыру-құқықтық нысаны, түрі және үлгісі.

 

            1. Ұйымдастыру-құқық формасы: коммуналдық мемлекеттік мекеме.

            2.Үлгісі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудіжәне мектепалды дайындықты ұйымдастыру.

            3. Түрі:  жалпы білім беретін орта мектеп.

            4. Мекеме мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға болып табылады.

            5. Мекеменің өз мөрі, жеке балансы, банктерде шоты, өзінің атауы жазылған бланктері болады.Бухгалтерлік есепті  мекеменің бухгалтериясы жүргізеді.

            6. Мекеме өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға, жауапты болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

           

3. Мекеме қызметінің міндеттері мен функциялары.

            1. Мекеменің негізгі міндеті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сонымен қатар мектепалды дайындық ұйымдарының қосымша білім алатын оқушылары мен тәрбиеленушілерін оқыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

            2.  Мекеме қызметінің мақсаты:

1)   5жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, қарау және сауықтыру.

2) Баланың қабілетін және физиологиялық дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға және ашуға, оның адами құндылықтарының қалыптасуына, өзін-өзі дамытуға ықпал ету.

3)  Қоғамдағы өмірге оқушыларды әлеуметтік бейімдеу,өз таңдауы бойынша мамандық таңдап, игеруге, еңбек жолының негізін қалау.

4)  Азаматтылық пен Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортаға, отбасына, әр түрлі ұлт адамдарына адал қатынаста болуға тәрбиелеу. 

5) Адамның жағымды мінез-құлқын, қазақстандық қоғамда қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлерді, өзін-өзі ұстай білуге баланы бейімдеу, құндылықтарды қалыптастыру.

6)  Балалардың денсаулығын қорғауды және жан-жақты тұлға болып қалыптасуына қолайлы жағдай жасауды, оның ішінде оқушылардың қосымша білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ету.

7)  Жоғарғы құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру.

8)  Оқушылардың дарындылығын, оқуға қабілеттілерін анықтау.

9)  Оқушылардың ЖОО оқуын жалғастыруға бейімдеу.

3. Мекеменің негізгі міндеттері:

1) заманауи білім беру технологияларының негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру,  оның ішінде мектепалды дайындық көлемінде білім беру қызметін көрсету;

2) жалпыға міндетті білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша міндетті минимумды ұғындыру негізінде оқушыларда жалпы ғылыми және жалпы мәдениеттілікке дайындықты қалыптастыру;

3) оқушыларды қоғамдық өмірге әлеуметтік бейімдеу;

4) мамандықты, еңбек жолын саналы түрде таңдау және игеру үшін жағдай жасау;

5) азаматтық пен өз Отанына деген сүйіспешілікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті, этномәдени әдет-ғұрып пен дәстүрлерді түсіну, мемлекеттік тілді меңгеру, Қазақстанның өткен тарихын құрметтеуге баулу;

6) жоғары құқықтық мәдениет пен саналы құқықты қалыптастыру;

7) тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыру;

8) тұлғаның жан-жақты дамуы, ой-өрісін дамытуға қолайлы жағдай жасау;

9) оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін кеңінен қолдану;

10) оқыту-тәрбиелеу үрдістерінің міндеттерін табысты шешу үшін жоғарғы оқу орындарымен өзара әрекеттесу;

11) ғылыми оқыту, оқыту-кеңес беру, дайындық жұмысты жүзеге асыру;

12) қосымша білім беру;

13) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

14) оқушылардың күш-қуатын дамыту, денсаулығын нығайту, оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету;

15) педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін нығайту;

16) әлеуметтік мәдени және басқа да коммерциялық емес сипаттағы функцияларды оқыту үрдісінде жүзеге асыру;

17) балаларды ертерек әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;

18) балалардың денсаулығын сақтау;

19) баланың дамуындағы ауытқуды дер кезінде түзеу;

20) ата-аналарға психолого-педагогикалық көмек көрсету;

21) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен өз бетінше танымдық дамуын қалыптастыру;

22) жалпы білім беру үрдісінде отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалану, педагогтардың шығармашылық қызметі мен кәсіби мәртебесін арттыру.

4. Тиімді білім беру және тәрбиелеу процесін қамтамасыз ету үшін педагогтар білім беру  саласындағы Уәкілетті орган бекіткен және рұқсат еткен авторлық бағдарламаларды таңдауға, қолдануға және тәрбиелеуге, оқыту мен сауықтырудың жаңа технологияларын енгізуге құқылы.

            5. Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметке лицензияны тиісті лицензиясы бар Мекеме береді.

            6. Мекеме лицензия негізінде жалпыға міндетті білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, азаматтарға білімі мен біліктілік деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беруге құқылы.

            7. Мекеме қосымша білім беру жалпыға міндетті оқыту бағдарламасы мен басқа да білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады, сонымен қатар білімі мен біліктілігі туралы құжат беру қажет емес қысқа мерзімді оқыту курстары мен қосымша сабақтар өткізе алады.

            8.  Білім беру бағдарламасы төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

            1) Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;

            2) Қазақстан Республикасы  жалпыға орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;

            3)  Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары;

4) Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша  негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары;

            5)   Әрбір оқу жылына арналған «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында негізгі пәндерді оқыту ерекшеліктері туралы » нұсқаулық-әдістемелік хаттар.

 

4.Балаларды Мекемеге қабылдау тәртібі.

 

            1. Оқушылар құрамы балалардың мекенжайы ескеріле отырып жасына және ата-анасының қалауына сай қалыптасады.

            2. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша 6-дан 17-і жасқа дейінгі балалар қабылданады.

            Түзету жұмыстары үшін жағдай жасалған жағдайда мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауға да рұқсат етіледі. 

            3. Мектепалды дайындық сыныбына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде                            5 жасқа толған балалар қабылданады.

            1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан ағымдағы жылы 6 жасқа толған балалар қабылданады.

            4. Мектепге дейінгі мекемелерге бармаған, мектепалды дайындығы жоқ балалар үшін оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстары ұйымдастырылады.

            5. Оқушылар қатарына алу Мекеме басшылығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

            Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан, тестілеу, зачет, байқау өткізілмейді.

            6. Мекеме өзі қызмет көрсететін аумақта (ықшамауданда) тұратын  6 жастағы балалар саны, мектепалды сыныпта оқитындар, олардың денсаулығы туралы статистикалық мәліметтер негізінде бірінші сыныптар жүйесін қалыптастырады.

            Сыныптарды балалардың дайындық деңгейіне және даму дәрежесі бойынша жинақтауға жол берілмейді.

 7. Бірінші сыныпқа қабылдар кезінде тапсырылатын қажетті құжаттар:

1) ата-анасының өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғаның);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) баланың денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт);  

4) баланың мекенжайы туралы анықтама немесе баланың мекенжайын растайтын қандайда бір құжат;

5) 3х4 сурет – 2 дана.

            8. Сыныптағы оқушылар санының шегі жобалық толықтыруға, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, білім беру саласындағы Уәкілетті орган бұйрығына, Мекемеде  қолданылатын санитарлық ережелер мен нормаларға ҚН мен Е сәйкес анықталынады;

            9. Мекемеде тәртіп сақтау өзара адам қасиеттерін құрметтеуге негізделген.

            10. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге күш қолдануға,моралдық және психологиялық қысым көрсетуге жол берілмейді.

            11. Мекемеден он алты жасқа дейінгі оқушыны білім беру ұйымының Жарғысын бірнеше рет бұзғаны және заңға қайшы өрескел әрекет жасағаны үшін Мекеменің уәкілетті органы қабылдаған шешім бойынша ғана шығаруға жол беріледі.

            Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу органының келісімімен қабылданады.

            12. Мекемеде нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырмашылықты насихаттауға, экстремистік және милитаристік, сонымен қатар халықаралық құқық және ізгіліктің жалпыға танылған қағидаларына қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады.

           

5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру, білім

алушылардың  сабақ оқу режимі.

 

            1. Мекеме білім беру қызметін Мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оның ішінде жеке оқу жоспары мен вариативтік оқу бағдарламаларына сай дайындаған және директор бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізеді.

            Оқыту бағдарламасының базалық компоненттері барлық оқыту баспалдақтарында төмендегідей оқыту облыстарын қамтиды:

тіл мен әдебиет,

математика,

жаратылыстану,

адам және қоғам,

өнер,

технология,

дене шынықтыру.

            Вариативті компоненттер оқушылардың қалаулары бойынша құрастырылады.

            2. Тәрбиелеу,білім беру жүйесі балаға және оның интеллектуалдық және адамгершілікқасиеттерініңдамуына негізделеді.

            3. Жеке басын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы оның жеке интеллектуалдық даму деңгейін, жас ерекшелігін, қабілетін және алғырлығын ескере отырып дифференциалды оқытуды қарастырады. 

            4. Мекеме мектепалды дайындықты, орта және қосымша білім беруді қамтамасыз етеді.

            5.  Мекеме алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді.

            6. Сабақтың ұзақтығы қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, санитарлықережелер мен нормаларға сәйкес анықталады.

            7.  Бағдарламаларды оқыту орыс тілінде жүргізіледі.

           

6. Үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және

қорытынды аттестаттау жүйесі,  оларды өткізу түрлері мен тәртібі.

 

            1.Білімдерді аралық және қорытынды аттестаттауҚазақстан  Республикасының   заңнамалары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және білім берудің Уәкілетті органының басқа да актілері талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

            2. Жалпы орта білім алатындарды қорытынды аттестаттау төмендегідей үлгіде жүргізіледі:

1) Ұлттық бірыңғай  тестілеу (ҰБТ);

2) жалпы білім беру пәндері бойынша қорытынды емтихандар.

 

7. Ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі.

 

            1. Мекеме Жарғыға сай білім беру, сауықтыру, кеңес беру және басқа да сипаттағы ақылы қызмет көрсету арқылы табыс әкелетін қызметпен айналыса алады:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту)  іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және сабақтар циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстары, семинарлар, кеңестер, конференциялар сондай-ақ  оқу әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардыңтамақтануын қамтамасыз ету;  

            2. Ақылы білім беру қызметі білім алушыларға оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қалауыбойынша негізгі сабақтарға зиян келтірмейтін бөлек кесте бойынша ұсынылады.

            3. Интернет-байланыстың қосымша қызметтері шарт жасаусыз, төлеу арқылы (есеп-фактура) көрсетіледі.

            4. Ақылы қосымша, сауықтыру қызметтерінің бағасын мемлекеттік басқару органы бекітеді.

            5. Ақылы негізде қызметтер көрсететін мекеме мен білім алушының (ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалар) өзара қатынастары келісімшартпен реттелінеді.

            6. Білім алушы шарт жасау кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін  өзгермейтін болады.

            Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюын және инфляция индексін ескере отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

            7. Қызметке ақы төлеу нақты ақшамен есептесу немесе тараптардың  келісімі негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машинаны қолдану арқылы кассалық кіріс ордерлері негізінде жүргізіледі.

 

8. Мекеме мен білім алушының (ата-анасы немесе

оны алмастыратын тұлғалардың) қатынастарын ресімдеу тәртібі.

 

            1.Мекеме мен оқушылардың, ата-аналардың немесе оны алмастырушы тұлғалар арасындағы қарым-қатынас ішкі тәртіп ережесімен, осы Жарғымен, білім туралы заңнамамен реттелінеді.

            2. Оқушыны Мекемеге қабылдар алдында ата-аналар немесе оларды алмастырушы тұлғалар Мекеменің құрылтайшы құжаттарымен және лицензиясымен,ішкі тәртіп ережесімен және оқыту талаптарымен танысады.

            3. Ата-аналар немесе оларды алмастырушы тұлғалар баланы Мекемеге қабылдау туралы өтінімінде Мекеменің құрылтайшы құжаттарымен, лицензиясымен, ішкі тәртіп ережесімен, оқыту және тәрбиелеу жағдайларымен танысқандығын көрсетеді және баланың сабақтан қалмайтындығын, ішкі тәртіп ережесін сақтайтындығы туралы міндеттеме береді.

            4. Оқушылар,Мекеменің педагог жұмысшылары, ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) Мекемеде білім беру процесіне қатысушылар болып табылады.

            5. Қатысушылардың өзара қарым-қатынасы ынтымақтастық, адамдық қадір-қасиетін, құндылықтарын құрметтеу негізінде құрылады.

            6. Мекеме бала құқығы туралы Конвенцияға және Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр баланың құқығын қамтамасыз етеді.

7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан   немесе оқудың бір түрінен басқасына ауысуға;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

8) спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

10) өзінің пікірі мен сенімі мен көзқарасын еркін білдіруге;

11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

8.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің міндеттері:

1)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім, білік, практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге;

2) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;

3)  өз денсаулығына қарауға, рухани және дене саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;

4) педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге.

             9. Ата-аналардың  (оларды алмастыратын тұлғалар)құқықтары:

1) баланың құқығы мен мүддесін қорғауға;

2) тәрбие беру үрдісіне қатысуға;

3) балалармен жұмысты, оның ішінде қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныс жасауға;

4) әкімшіліктің рұқсатымен сабаққа қатысуға;

5) баланың сабағы туралы ақпарат алуға;

6) мекеменің материалдық базасын нығайту үшін демеушілік көмек көрсетуге құқылы;

7) балалардың жеке қалауы бейімділіктерімен ерекшеліктеріне сәйкес білім беру ұйымын таңдауға;

8) балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес алуға;

9) Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтік актілерде, мекеме және ата-ана(оларды алмастыратын тұлға) арасындағы келісімшартта бекітілген шегінде оқушыға білім беру және дамыту ісін талап етуге.

            10. Ата-аналардың  (оларды алмастыратын тұлғалар) міндеттері:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, адамгершілік тұрғысына қалыптасуды қамтамасыз етуге;

2) Мекеме педагогтарымен балаларды тәрбиелеу-оқыту үрдісінде ынтымақтасып жұмыс істеуге;

3) Мекеменің жұмыс режіміне сәйкес балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;

4) Мекеменің ішкі тәртіп ережесін орындауға.

             

9. Құрылтайшының Мекемеге бекіткен

меншік нысандарын пайдалану тәртібі.

 

            1. Мекеменің мүлігі негізгі қордан және айналым қаражатынан, сонымен қатар құны Мекеменің жеке балансында көрсетілген құндылықтардан тұрады.

            2. Қазақстан  Республикасының заңнамасымен белгіленетін тәртіпте мүлікке иелік ету және пайдалану құқығы бар.

            3. Мекеме мүлігі:

1) оған меншік иесі берген мүліктен;

2) өз қызметінің нәтижесінде алған мүліктен;

3) басқа да заңнамаларда тыйым салынбаған көздерден тұрады.

            4.Мекеменің қызмет істеуіне арналған кез келген мүлік, атап айтқанда ғимараттар, құрылғылар, мүліктер, көліктер, жер телімі құқығы Мекеме мүлігінің құрамына кіреді.

5. Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және бөлінген сметаның есебінен алынған мүлікті өз

    бетінше бөлуге және өзге тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.

 

10. Қаржыландыру көздері. Білім беру ұйымының

қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

 

            1. Мекеме мүлікке иелік етуге және пайдалануға құқылы.

            2. Мекеменің ақшалай қаражаты:

1) бюджеттен төленетін қаражаттан;

2) Мекеменің ақылы негізде көрсететін қызметтерінен түскен қаражаттан;

3) заңнамаларда тыйым салынбаған басқа да  қаражат көздерінен тұрады.

            3. Мекеме өзінің жарғылық қызметтеріне келесі қосымша қаржыландыру көздерін тартуға құқылы:

 1) ақылы қызметтен түскен табысты.

            4.  Мекеме егер Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша қосымша қаржыландару көздері бекітілмесе, Құрылтайшының жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

 

 

11.Мекеменің жауапкершілігі.

 

1.  Мекеме өз қорындағы қаржымен міндеттерін өтейді;

2.  Мекемеде ақшаның жетіспеушілігі жағдайында міндеттер бойынша субсидиялық жауапкершілік Құрылтайшыға жүктеледі.

 

 

    12.  Құрылтайшыныңжәне мемлекеттік басқару органының құзыры.

 

            1. Құрылтайшы заңнамада бекітілген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) Мекемеге мүлікті қаржы бөлімі бекітіп береді;

2) Мекемені тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдайды;

3) Жарғыны, Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) Қазақстан  Республикасының заңнамаларында белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

            2.  Мемлекеттік басқару органының өкілеттіліктері:

1) мазмұнын, мақсатын және Мекеме қызметінің басым бағытын, оның ішінде оқыту тілін анықтайды;

2) конкурс нәтижесі бойынша Мекеме басшысын тағайындау және лауазымынан босату, Қазақстан  Республикасы Үкіметі және білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіпте оны аттестаттаудан өткізу, Мекеме басшысымен жасалған еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын бұзу;

3) Мекеме директорына және оның орынбасарларына сыйақы беру және оларды жауапқа тарту шараларын қабылдау;

4) Мемлекеттік мекеме мүлігінің сақтығына және мақсатында пайдаланылуына бақылау жасау;

5) Мекемені басқару органының құрылымын, қалыптасу тәртібін және құзыретінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешім қабылдау тәртібін анықтау;

6) Мекеме басшысының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны лауазымынан босату себептерін анықтайды;

7) Мекеменің құрылымын және штат санының шегін бекітеді;          

8) Жылдық қаржылық есепті бекіту;

9) Бухгалтерия қызметін ұйымдастыру;

10) Мекеме үшін орталықтандырылған тауар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан  Республикасының немесе Құрылтайшының басқа да нормативтік құқықтық актілері бойынша өзінің құзырына жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдау.

3. Мемлекеттік мүлікті басқарушы орган  коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді және мекемеге филиалдар мен өкілдік құруға келісім береді.

 

13. Білім беру ұйымдарының құрылымы, басқару органдарын

құру тәртібі, олардың құзыры және қызметін ұйымдастыру тәртібі.

 

            1. Мекемені басқару Қазақстан  Республикасының заңнамаларына және Мекеме Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

            2. Уәкілетті органға есеп беретін директор заңды тұлға ретінде Мекеменің атқару органы болып табылады.

            3. Директор Құрылтайшы және мемлекеттік басқару органы алдында Мекемедегі жұмыс жағдайы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет  ету жұмыстарын ұйымдастыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.

            4. Мекеме директоры бірыңғай басшылық үрдісі негізінде қызмет етеді және Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ аталған Жарғыда анықталған құзырлылық шегінде мекеменің барлық  мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдайды.

            5. Директор өз құзыры шегінде:

1) сенімхатсыз Мекеме атынан әрекет етеді;

2) барлық ұйымдарда Мекеме мүддесін қорғайды;

3)  Қазақстан  Республикасының заңнамаларында және осы Жарғымен белгіленген шекте Мекеме мүлігіне иелік етеді;

4) шарттар және басқа да мәмілелер жасайды;

5) сенімхат береді;

6) банктерде шоттар ашады;

7) еңбек заңнамаларына сәйкес Мекеме жұмысшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, оларға сыйақы төлеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;

8) Мекеменің барлық жұмысшылары үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

9) штат кестені, Құрылтайшы немесе мемлекеттік мекеме органы бөлген қаражат көлемінде біржолғы ақшалай төлем төлеу жүйесін бекітеді,  Өкілетті орган белгілеген еңбекақы қорының шегінде жұмысшыларға сыйлық және басқа да сыйақылар беру сметасын бекітеді;

10) директор орынбасарларының лауазымдық міндеттерін және құзыретін, оның ішінде өзі болмаған кезде директорды және Мекеменің басқа да жұмысшыларын алмастыру тәртібін анықтайды;

11) белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады, кадрларды тағайындау кезінде нәтижесін ескереді;

12) мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарттары және санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарына сәйкес тәрбиелеу-оқыту процесін жүзеге асыруға жағдай жасайды;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмысты ұйымдастырады;

14) балалардың қызығушылығын, отбасы қажеттілігіне бағытталған қосымша қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

15) баланы қабылдау кезінде оның ата-анасын немесе оларды алмастырушыларды Мекеме Жарғысымен, тәрбиелеу-оқыту қызметін жүргізу лицензиясымен және қабылдау тәртібін және оқыту-тәрбилеу процестерін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады;

16) Қазақстан  Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

            6. Мекеменің лауазымдық тұлғаларының өкілеттігі Мекеме директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықпен анықталынады.

            7. Мекеме жұмысшыларының мүддесін білім беру жұмысшыларының кәсіподағы, қоғамдық шығармашылық және қоғамдық өзін-өзі басқару органдары қорғай алады.

            8. Мекемені ұжымдық басқару формалары өздерінің қызметін қолданыстағы заңнамаларға және осы Жарғыға сай жүргізетін Қамқоршылыққаалу кеңесі, Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және ата-аналардың жалпы жиналысы   болып табылады.

            Оқушылар мен педагог жұмысшылардың жалпы жиналыс шешімімен Мекеме өзін-өзі басқару органын құра алады, оның атауын, құрамын, сайлау тәртібін және  өкілеттілігін анықтайды.

            9.Қамқоршылыққа алу кеңесі қызметінің мақсаттары:

1) білім беру ұйымдарының өзінің жарғылық функцияларын жүзеге асыруға ықпал ету;

2) білім беру оқыту бағдарламаларын табысты жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының педагогтік ұжымы мен оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;

3) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржылай қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

4) білім беру ұйымының ары қарай дамуына ықпал ету.

            10. Қамқоршылыққа алу кеңесі қызметінің негізгі бағыттары:

1) білім беру ұйымдарының әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту шараларын өткізуіне көмек көрсету;

2) тәрбиелеу және оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықта жұмыс істеуді және оны дамытуға ықпал ету;

3) білім алуға, тұрмыстық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарынан оқитындарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету;

4) білім беру ұйымдары қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу.

            11. Педагогикалық кеңес осы Жарғыға және қызмет көрсетудің типтік ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.

            12. Ата-аналардың жалпы жиналысы Мекеме директорының, жеке педагог жұмысшылардың есебін тыңдайды, есеп қорытындысы бойынша директордың және педагог жұмысшылардың лауазымына сай келетін не келмейтіндігі туралы мәселе көтереді, оқыту-тәрбиелеу процесін, балаларды дайындау және тәрбиелеу деңгейін талқылдайды, оқыту-тәрбиелеу процесін жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді,оқушылар, ата-аналар  және педагог жұмысшылар арасындағы жеке шиеленіс жағдайларды қарайды, Мекемеге демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды және мерекелік,  салтанатты шаралар, саяхаттар ұйымдастырады, Ата-аналар комитетін сайлайды;

            13. Ата-аналар комитеті жалпы ата-аналар жиналысы алдында  есепті:

1) Мекемені мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатысады;

2) өздерінің жиналысында оқыту-тәрбиелеу процесінің жағдайын, балаларды дайындау және тәрбиелеу деңгейін талқылайды, оқыту-тәрбиелеу процесін жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді;

3) педагогтік кеңеспен бірге оқушылар немесе ата-аналар мен педагогтар арасындағы жеке шиеленісті қарайды;

4) жалпы ата-аналар жиналысында қарау үшін мәселелер дайындайды.

            14. Әдістемелік кеңес:

1) барлық ішкі құрылымдардың жұмыстарын үйлестіреді, практикалық көмек көрсетеді, олардың қызметтерін бақылауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

2) педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамытады, білім беру заңнамаларының және стандарттық талаптардың  негізінде білім берудің мазмұнын жетілдіреді.

3) мұғалімдердің біліктілік және кәсіби деңгейін арттыру формаларын және түрлерін, мазмұнын анықтайды;

4) әдістемелік жұмыстың міндеттерін жүзеге асырады;

5) әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұсынып, озық педагогикалық тәжірибиеге енгізеді, бақылау тапсырмаларының қорытындысына талдау жасайды, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою жолдарын анықтайды.

 

14. Мекеменің штаттық жұмысшыларын жинақтау тәртібі,

еңбекақы төлеу талаптары, олардың құқықтары мен міндеттері.

 

            1. Тиісті білімі бар және педагогтік қызметпен айналысуға сот үкімі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған азаматтар Мекемеде педагогтік қызметпен (оқытуға және тәрбиелеуге) айналысуға құқылы.

            2. Мекеме қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейді.

            Еңбекақы және лауазымдық еңбекақы біліктілікке, функционалдық міндеттерге сәйкес белгіленеді.

            3. Мекеменің еңбекақы қорын Уәкілетті орган белгілейді.

            4. Педагог қызметкердің құқығы:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогикалық қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жеке педагогикалық қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға;

13) еңбек қауіпсіздігімен гигеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өндірістік жағдайға;

14) жұмыс орнында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау талаптары туралы нақты және толық ақпарат алуға;

15)  еңбек келісімшартында қарастырылған қызмет міндеттерімен жұмысына еңбекақы алуға;

16)  ақылы еңбек демалысына;

17) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында анықталған кезекті еңбек демалысы көлемін ұсынғандакүнтізбелік жылда бір рет сауықтыру төлемақысын алуға;

18) Жалпыға білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлеріне ұсынылатын қосымша жеңілдіктерге;

19) Мекеме Жарғысының және кәсіптік тәртіп нормалары бұзылған жағдайда (педагогикалық қызметкерге жазбаша түрде  көшірмесі берілген   шағымданған   жағдайда) тәртіптік тергеу жүргізуге;

20)  Еңбек құқықтарын, бостардығы мен  заңды мүддесін  қорғауға;

21)  Заңнамада бекітілген тәртіп ретімен жеке және ұжымдық дауларды шешуге;

22)  Өзіндік жеке мәлімет құпиясына.

5. Педагогикалық  қызметкер міндетті:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары адамгершілікке, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге.

Міндеттері мен педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

            6. Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, аумақтық (ұжымдық) келісімдерге (шарттарға) еңбек шартына сәйкес педагог жұмысшылар үшін апталық нормативтік оқыту жүктемесі белгіленеді.

            Оқытушының жұмыс уақыты жалпы білім беру мектебінің ішкі еңбек тәрбіне сәйкес белгіленеді.

            Мұғалім сабақ өткізуден және жалпы білім беру мектебінің жұмыс жоспарында қарастырылған шараларға (жиналыс, педагогикалық  кеңес жиналысы, ата-аналар жиналысы) қатысудан басқа бос уақытын өзінің мүмкіндігіне байланысты пайдалануға құқылы.

            7. Педагогикалық қызмет атқаратын тұлғалар педагогикалық қызметкерлер деп саналады.  Педагогикалық қызметкерлер лауазымының және оларға теңестірілген тұлғалардың тізімін Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайды.

            8.  Мекеменің педагогикалық қызметкерлерінебаланың өмірі мен денсаулығы үшін мекемедегі оқу–тәрбие үрдісі кезінде және мекемеде болған барлық уақытта жеке жауапкершілік  жүктеледі.         

 

 

15.  Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.       

 

1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

Мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндекөзделген басқа негіздер бойынша да таратылады.

2. Таратылған Мекеменің қалған мүлкін кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Таратылған Мекеме мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

 

                                   16.  Мекеме Жарғысын өзгерту тәртібі.

 

            1. Мекеме Жарғысын Құрылтайшы бекітеді және ол мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

            2. Жарғыны, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік басқару  органының келісімі бойынша директор немесе Педагогикалық кеңес дайындайды.

            Мекеме қызметінің басым бағыты, оқыту тілі, Мекемеде жұмыс істеу жағдайы өзгерген жағдайда Жарғыны және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды  мемлекеттік басқару органы дайындауы мүмкін.

 

 

 

«Балқаш қаласыныңбілім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №10

орта мектебі»  коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің директоры                                              

Людмила Юрьевна Горбулева