Размер шрифта:

Советы выпускникам

Мектеп бітірушілерге кеңес

Емтихан тапсыруға дайындық

Емтиханға дайындық

Алдымен сабақ оқуға орынды дайында: үстелден артық заттарды ал; керекті оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағазды, қарындашты ыңғайлап қой.

*                   Бөлме интерьеріне сары және күлгін түсті енгіз, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.  Ол үшін осы түстегі картина немесе эстампа жеткілікті.

*                    Сабақ жоспарын жаса. Алдымен өзіңе ыңғайлы уақытты анықтап ал, осыған байланысты таңғы немесе кешкі сағатты пайдалан. Күнделікті жоспарды жасай отырып, бүгін не оқитыныңды нақтырақ анықта «Сәл дайындық» емес нақты бөлім және тақырып.

*                   Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Егер олай қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін жұмыс бабын түсінген соң, ісің оң болар. 

*                    Сабақпен демалысты алмастыр, айталық 40 минут сабақ, сонан соң 10 минут үзіліс. Осы уақытта ыдыс жу, гүлге су құй, жаттығу жаса, жуын.

*                    Оқулықтың бәрін оқып, жаттау қажет емес. Қағазға сұлба, жоспар құру арқылы материалды жүйелеу пайдалы. Деректерді қысқаша қайталауда жоспарды қолдану пайдалы.

*                   Пән бойынша әр түрлі жарияланған тестілерді көбірек орында. Бұл жаттығулар тестілеу тапсырмаларының құрастыруларымен таныстырады.

*                   Қолыңа секунд өлшегішті алып, уақытпен жаттық (А бөліміндегі тапсырмаларды орындау үшін орташа есепппен 2 минут уақыт кетеді).

*                   Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деп еш уақытта ойлама, керісінше әділеттілікті ойша суретте.

*                   Емтихан алдындағы бір күнді барлық жоспардағы жауаптарды қайталауға, тағы қиын соғатын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.

Емтихан алдында

Көпшілік пікірі

*                   Емтихан алдынғы бір күн аз деп санайды. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың өзіңе салмақ салма.  Керісінше кештен бастап дайындықты тоқтат.  Жуын. Серуенде. Өзіңді сергек сезіну үшін ұйықта. Емтихан –өзіндік күрес. Емтиханда сен өзіңді және қабілетіңді көрсетесің.

*                   Емтиханға кешікпе, жарты сағат ерте келген жөн. Өзіңмен рұқсат қағазы, куәлігің және қара түсті сиялы қаламың болуы керек.

*                   Мектеп суық болса, 3 сағат отыратыныңды ұмытпай жылы киін.

 

Тестілеу уақытында

*                    Тестілеу басталғанда қажетті ақпараттар  айтылады (бланкіні толтыру, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмерінің коды т.б.) Мұқият бол!!! Осы аталған ережелерді есіңде сақтасаң,  сенің жауаптарыңда соншалықты дұрыс болады.

*                    Жауаптар бланкісін ( тіркелу, жауаптар т.б.) тек баспа әрпімен толтырасың! Әріптердің жазылуына зер сал, мысалы «а» әрпі. Ақпараттар бөлігі код түрінде жазылады, ол жайында тестілеу басталарда айтылады.

*                   Емтихан деректері үш бөлімнен тұрады: А, В, С:

*                   А бөліміндегі тапсырмаларға  ұсынған нұсқалардың  дұрысын  таңдау керек. Бланкінің бірінші бөліміндегі «Берілген нұсқалардан жауапты таңдауға тапсырма нөмірлері» тақырыпшасындағы жауаптарға тапсырма нөміріне «Х» белгісін қой.

*                    В бөліміндегі жауап бір сөз немесе сан түрінде беріледі. Жауап бланкісінде осындай тапсырмалар үшін «Таңдау үшін жауап нұсқауын жазуға, тапсырмаға қысқаша жауап» тақырыпшасында поля бар. Оған сен жауабыңды жазасың (сөз немесе сан). Тапсырма нөмірінің жанына (бас әріппен). Формула немесе математикалық өрнектеу сөздік тақырыптар немесе түсініктер жазуға болмайды.

*                    С бөліміндегі тапсырмаларда кеңейтілген жауап қысқаша әңгіме немесе есепті шешу түрінде беріледі, бұл жеке бланкіде арнайы орынның оң жақ бұрышында жазылады. Жауаптардың негізгі бланкісінің (қызғылт түсті) жеке нөмірін көрсетілген бланкінің жоғарғы оң бұрышындағы арнайы орынға көшіріп жазу өте маңызды. Бірақ оған сіз туралы қосымша мәлімет (аты, тегі, сыныбы) жазылмайды.

*                    Жауаптар бланкісіндегі түзетулер орынсыз болады. Түзету керек болған жағдайда, оны тек А түріндегі тапсырмаларға резервтік «Қате белгілерін қоюға болмайды» деген  орында жасауға болады. Түзету ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша жасалады. Алты қатеден артық түзетуге болмайды.

*                    Бланкіні толтыруда өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы сіздерге мәліметтер беріледі.

*                    Тестілеу нәтижесін алған соң, сіз тексерілген жұмыспен танысуыңызға құқығыңыз бар, қойылған бағаға келіспесеңіз (нәтиже жарияланған соң үш күн ішінде) комиссияға шағымдануыңызға болады.

 Тапсырмаларды орындау үшін бірнеше мысалдар келтірейік:

*                    Жинақтал!  Бланкіні толтыруды орындаған соң, түсініксіз  жайлар анықталған соң, сен жан-жағыңды ұмыт, сен үшін тест тапсырмасы және орындауға берілген сағат бар. Асықпа, бірақ тез жұмыс жаса! Жауапты жазбас бұрын , сен ол сұрақты түсінгеніңе сенімді бол.

*                    Жеңілінен баста! Ойлануға уақыт кетірмей, өзің жауабын білетін сұрақтардан баста. Өзіңді жеңіл сезінгенде, ісің оңға басады. Енді күшіңді қиын сұрақтарға жұмсау оңай болады. .

*                    Қиын және түсініксіз тапсырмаларды кейінірек орында. Тапсырмалардағы сұрақтардың жауабын орындауға мүмкіндігің бар. Тек сен өзіңе қиын болған сұрақтарға тоқталып қалмай, әрі қарай жалғастыр.

*                    Тапсырманы толық оқы! Асығып оқысаң тіпті жеңіл сұрақтың жауабын қате жазуың мүмкін. Сондықтан мұқият бол.

*                    Оқып отырған тапсырмаға зер сал! Алдыңғы және кейінгі тапсырмада  ұқсастық болуы мүмкін. Әр тапсырманы дұрыс түсініп, дұрыс орында. Әр тапсырмаға ұпай жинау мүмкіндігін жіберіп алма.

*                    Тапсырманы орындауға екі айналымды жоспарла! Алдымен жеңіл тарсырмалар бойынша уақыт жұмса (бірінші айналым), сонан соң қиын соғатын сұрақтарға тоқтал (екінші айналым).

*                    Тексер!  Жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр. Көз жүгіртіп өтіп қатең болса түзе.

*                    Шешуін тап!  Сұраққа жауапты таңдағанда, толық сенімді болмасаң ішкі сезіміңе сен. Қандай жауаптың дұрыс екеніне сенімді болсаң соған тоқтал.

*                   Қапы болма! Барлық тапсырманы орындауға талпын. Тест тапсырмалары шексіз қиын деңгейде болсада, сен жақсы баға аласың.