Ата-аналарға кеңес
ҰБТ-ге дайындалуға балаға қалай көмектесу керек?
Ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау- бұл тест негізінде жасалған емтихан. Бұл жаңа тұрғыдағы емтихан болғандықтан оған қатысушыға қосымша дайындалу қажет. Бүгін мен осы емтиханға психологиялық дайындық және осы сұраққа ата-ананың рөлі жайлы айтқым келеді.
Емтиханды тапсыру жағдайы барлық оқушыға бірдей, бірақ оны әр оқушы әр түрлі қабылдайды. Бұл неге байланысты? Әрине әр баланың дайындығының деңгейіне, өз күшіне сенуіне байланысты. Кейде бала материалды жақсы біледі, бірақ емтихан барысында ол білетінін ұмытып, басында сан ойлар болып, жүрегі жиі, әрі қатты соғады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, қорықпау керек, тез жиналу тәсілдерін қолдануды үйренуі керек және сонымен қатар ата-ананың рөлі маңызды екенін ұпытпаған абзал.
Сонымен, баланың ҰБТ-ке дайындалуда барынша нәтижеге жетуіне көмектесетін бірқатар кеңестерді назарларыңызға ұсынамын:
· Сабақ оқуға ыңғайлы орын дайындаңыз (үстел, орындық, жарық, оқулықтарға сөре). Интеллектуалдық белсенділікті арттыратын түстерді қолданыңыз (сары, күлгін).
· Дайындық жоспарын, баланың биологиялық сағат есебімен сәйкестендіріңіз, «шамалы дайындаламын» емес, тақырыпты айқындау өте маңызды.
· Алдымен қызықты, ал сонан соң күрделі тақырыптарды оқыңыз. Ең бастысы- барлығын ойланып жасауыңыз керек.
· Баламен материалды жүйелеуді үйрену керек, оқулықтағының бәрін жаттау керек емес,материалдарды қайталағанда, жоспарларды қолданған жеңіл, қысқаша тірек конспектісін жүргізіңіз.
· Балаңыздың есте сақтау қабілетін анықтаңыз. Есте сақтау қабілетін дамытуға жаттығулар жүргізіңіз.
· Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұру керек.
· Балаңыздың күшті жақтарына сүйеніңіз. Нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз, оны қолдаңыз.
· Мұғалім баланы оқытады, оны өзіне қажет деп түсінген бала меңгереді, сондықтан бала ӨЗІде дайындалуға бағыт беріңіз.
· Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
· Тамақтануына көңіл бөліңіз. Дәруменді жеміс-жидектер, ақыл-ойды дамытатын нәрлі тағамдар беріңіз.
· Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет,баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлуі және жүйелі дайындық. Емтиханды сәтті тапсыру баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты.
Сұрақтарыңыз болса көмектесуге әзірмін!
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
ЖББ № 10 ОМ педагог-психологы Т.В. Ледовская